Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Ғибадаттың сыйы
18 қыркүйек, 2014 жыл 151 Басып шығару нұсқасы

Ғибадаттың сыйыБір кісі Пайғамбарымызға (с.а.у.) келіп, былай деді:
Иә, Расулулаһ (с.а.у.)! Мен бір ай ораза ұстап, бес уақыт намаз оқимын. Пақыр кедеймін. Зекет бере алмаймын. Қажылыққа баруға қаржым жоқ. Бұл жағдаймен өле кетсем қиямет күнінде қайда боламын? Жұмақта ма, тозақта ма?
Бұл сұрақтарды естіген Расулулаһ (с.а.у.) күлімсірей басын көтеріп:
Көзіңді екі нәрседен: 1) харамға қараудан, 2) басқаларды кіші көруден сақтасаң. Жүрегіңді екі нәрседен: 1) дұшпандықтан, 2) күншілідіктен сақтасаң. Тіліңді екі нәрседен: 1) өтіріктен, 2) өсектен сақтасаң жұмақта бірге боламыз, -деді.
Имам Шаһиһ Баһил(р.а) былай деді:
Біз бес асыл мақсатқа жету үшін әрекет пен амал еттік. Ол әрекеттер мыналар:
1) Күнәларыңызды тәрк еткіміз келді, оны түн ортасындағы намаздан таптық (сағ 2, 3 –тен кейін)
2) Қабірлерді қалай жарық етеміз деп қам жедік, оны да түн ортасындағы намаздардан таптық.
3) Мәңкір-Нәңкүр сұрақтарына қалай жауап береміз? – деп қиналып едік, оны Құран оқудан таптық.
4) Маһшар күнінде сират көпірден қалай өтеміз деп ойландық, Оны шындық пен ауыз бекітуден таптық.
5) Қияметте еш көлеңке болмағанда арш көлеңкесін қалай пайдаланамыз деп ойладық, бұны дүние, яғни қажетсіз нәрселерді тәрк етуден таптық.
«Уағызшылардың інжу-маржаны»





Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары