Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Адам өзін «бостан-босқа жаратылдымдым» деп ойлай ма?
23 қыркүйек, 2014 жыл 17 Басып шығару нұсқасы

00113Әлемдегі кез-келген нәрсе белгілі бір мақсатпен, арнайы хикметпен жаратылған. Әрбір жаратылыстың өзіндік мән-мағынасы, міндеті бар. Күллі жаратылыс Ұлы Жаратушының барлығын, бір екендігін білдіретін үлкен кітап дедік. Ұлы Иеміз бұл алып кітапты адам оқысын, оқып Өзінің құдіретіне, шеберлігіне таң қалып, мақтау айтсын, құлшылық жасасын деп құдірет қаламымен жазған. Түсірілген Құран да осы бір үлкен кітаптың түсіндірмесі, қорытындысы, мазмұны іспетті. Бұл ғалам атты алып кітаптағы әр нәрсе – мағыналы бір сөз, бір сөйлем, тіпті бір кітап. Әрі Ұлы Жаратушымыз осы алып кітапты адамның игілігіне, қызметіне берген. Жерден неше есе үлкен Күн де, су да, ну орман да өсімдік те, жан-жануар да бәрі-бәрі «ләббайк» деп адам баласына қызмет етуде. Жалпы әлем адам үшін жаратылды десек артық емес. Осы әлемнің ішінде адманың орны мүлдем ерекше. Өйткені жер бетіндегі жалғыз саналы тіршілік иесі – адам. Ал енді Ұлы Жаратушымыздың барлық дүниені адам үшін жаратып, ал адамды бостан-босқа, еш мақсатсыз жаратып, мәңгілікке өлтіре салуы мүмкін бе? Кішкентай араны да мағына, мақсатпен жаратқан Ұлы Жаратушы – Хаким Иеміздің адам баласын бостан босқа мақсатсыз жаратып, мәңгілікке тіршілік бетінен келмеске жібере салуы мүлде мүмкін емес. Құранда «Әл-Мүминун» сүресінде: «Біз сендерді бостан-босқа жараттық, әрі өздерің де Бізге кері қайтарылмаймыз деп ойлайсыңдар ма?» - делінсе, «Қиямәт» сүресінде: «Адам баласы (еш сұрақ алынбастан) басы бос қоя берілемін деп ойлай ма?» - делінеді.

Дереккөзі: «Имани гүл»





Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары