Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Құрбан шалудың артықшылығы
29 қыркүйек, 2014 жыл 14 Басып шығару нұсқасы

2010-11-15_141254-300x244Пайғамбарымыздың риуаятында: «Кімде-кімнің мүмкіншілігі бола тұра құрбандық шалмаса, Иаһуди немесе Насрони болып дүниеден өтіп кетуі қауіпі бар», деді.


Али р.а риуаят етті. «Қандай да бір адам құрбандықты сатып алуға үйінен шықса, ол үшін әр-бір қадамына он жақсылық жазылып, он жамандығы кешіріліп, он дәрежесі өседі. Құрбандықты сатып алардағы сөйлеген әрбір сөздері тасбих болады. Егер нақты ақшасына сол Құрбандықты сатып алған болса, әрбір дирһамына жеті жүз жақсылықтар жазылады. Ал енді сол сатып алған құрбандығын бауыздауға әкеліп жерге қойса, жеті қабат жерде қанша жаратылыс болған болса, соның барлығы ол үшін күнәларына жарылқау тілейді. Құрбандығының бауыздауынан аққан әрбір тамшы қанынан Алла Тағала он періштеден жаратады. Сол періштелер ол үшін күнәларына қиямет күніне дейін жарылқау тілейді. Ал енді құрбандығының етін бөлшектеп бөлетін болса, әрбір бөлінген бөлшек еттен құл азат еткендей сауаптар жазылады» , - деді.


Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Айша р. а анамызға айтты: «Ей, Айша Құрбандығыңды союға менімен бірге жүр, мен құрбандығыңа куә боламын. Шындығында сен үшін шалған құрбандығыңнан жерге аққан әуелгі тамшысынан бастап Алла Тағала сен үшін алдыңғы күнәларыңды кешіреді», - деді. Сонда Айша р.а айтты: «Уа, Алланың елшісі,Бұлардың барлығы бізге ғана қатысты ма? Әлде барлық мұсылмандарға да ма?»,- деп


сұрады. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с) айтты: «Біз үшін және барлық мұсылмандарға қатысты», - деді.


Уаһаб бин Манбаһтың риуаятында Айтты: Дәуіт ғ.с айтты: «Жаратқан ием! Мұхаммед (с.ғ.с) – ның үмбетінің шалған құрбандығының сауабы қандай?», - деп сұрады. Алла Тағала айтты: «Мұхаммед (с.ғ.с) үмбетінің шалған құрбандығына берілетін сауап, Құрбандыққа шалған малының денесіндегі әрбір түгі яғни жүніне он жақсылықтар жазылып, он жамандығы кешіріліп, он дәрежесі көтеріледі. Сондай-ақ Жәннатта сарайлар соғылы, жұбайлары хор қыздардан болады. Қанаты бар, көз жетерлік жерге дейін жылдамдықпен жүретін жануарға Жәннат иелері мінгізіліп, қалағанша сол жануармен ұшып жүреді. Ей Дәуіт сен білмеушімедің? Шындығында Құрбандық қиямет күні көлік болып, әрі барлық бәлелерді кетіреді», - деді.


Пайғамбарымыз (с.ғ.с) айтты: «Кімде – кім бізбен бірге намаз оқып, құрбандық шалған болса, ол бізден. Ал кімде-кім бай бола тұра бізбен бірге намаз оқымай құрбандық шалмаса, бізден емес», - деді.


айтты: «Үмбетімнің ең жақсысы Құрбандық шалғандары, ал ең жаманы Құрбандық шалмайтындары», - деді.


Пайғамбарымыз (с.ғ.с) айтты: «Естеріңде болсын! Әлбетте Құрбандық құтылу амалдардан жатады. Құрбандық иесі дүние және Ақырет жамандылығынан құтылады»,- деді.


Кұрбандыққа төрт түлік мал: қой, ешкі түие және қара малдың еркек және ұрғашысы шалына береді. Бұлардың


түйе бес жасқа, қара мал екі жасқа, қой және ешкі бір жасқа толған болуы талап етіледі. Сондай-ақ қой комақты болса алты айлық тоқты да құрбандыққа жарайды. Осы төрт түлік малдан басқа жануарлар құрбандыққа жарамайды.


Құрбандық шалу уақыты – құрбан айт намазы оқылғаннан кейінгі үш күннің іші. Арапа күні және айттың үш күнінен тыс уақытта сойылған мал құрбандыққа жатпайды. Себебі Пайғамбарымыз Мухаммед (с.ғ.с) бір сөзінде: «Бұл күні біздің ең әуелі істер ісіміз, намаз оқу. Одан кейін үйге қайтып құрбан шалу. Кім осылай етсе. Біздің сүннетімізге ерді. Кім айт намазынан бұрын мал шалса, құрбандық емес, бәлкім бала-шағасына берген жай ет сияқты болады»,- деген.


Құрбандық малы қалай шалынады? дегенге келер болсақ, түйеден өзге мал сол жанбасына жатқызылып, құбылаға қаратып бауыздалады. Шалатын кісі: «Аллаху Акбар, Аллаху Акбар, Ла илаха иллаллоху уаллоху Акбар, Аллоху Акбар уалиллахил хамд, деп такбир айтудан кейін: «Бисмиллахи Аллоху Акбар» - деп малды өткір пышақпен бауыздайды. Малды бауыздайтын адам тек қана бисмиллахи аллоху акбар, бисмиллах немесе субханаллах» десе де болады.


Шалған құрбандықтарыңызды Алла Тағала қабыл етсін.


Арапшадан қазақ тіліне аударған: Қарқаралы ауданы, «Құнанбай қажы» мешітінің наиб имамы Асқар Мейрамбекұлы





Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары