Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Судың берекелі болуы
14 қазан, 2014 жыл 11 Басып шығару нұсқасы

су


 

Әнас ибн мәлік (р.а) әңгімелейді: «Екінті намазының уақыты кірген болатын. Адамдар дәрет алатын су таппай сабылды. Тек Алла елшісіне ғана азғантай су табылған болатын. Пайғамбарымыз қолын сол аз суға малып алғаннан кейін, барлығына осы сумен дәрет алуға әмір берді. Мен оның мүбәрак саусақтары арасынан судың саулап аққанына куә болдым. Сол жердегі мұсылмандар сол сумен дәрет алды».


Әнастан (р.а.) сол сумен дәрет алғандардың жалпы санын сұрағанда: «Сексен қаралы кісі-ау деймін, бәлкім одан да көп болуы мүмкін» -деп жауап берген екен. Ал Бұқаридегі басқа бір риуаятта дәрет алғандардың ұзын саны үш жүз не одан да көп екендігі айтылған.


Имран ибн Хусайн былай дейді: «АллаҺ елшісімен (с.ғ.с) бірге болатынбыз. Жолда кетіп бара жатып, екі су құмырасын былайғы жұрттан жасырып, әкетіп бара жатқан әйелге кездестік. Одан суды қайдан алғанын сұрап едік, ол «бұл маңайда су жоқ», -деп жауап берді.


Біз:


-Солай-ақ болсын. Ең құрығанда, үйің мен су алатын жердің арақашықтығы қанша? – деп сұрадық.


Әйел:


-Бір тәулік жол жүресің, деді. Біз оған:


- Олай болса, сіз Пайғамбарға (с.ғ.с) барыңыз, -деп едік, ол жұлып алғандай:


- Ол қандай пайғамбар? Біздің ешқандай пайғамбардан хабарымыз жоқ, -деді. Әйелді Пайғамбарымызбен (с.ғ.с) кездестірдік. Бізге айтқандарын оған да айтты. Алайда бізге қолында жетім балалары бар екенін айтпаған еді. Алла Расулы әйелдің құмыраларын сұрап алып, сыртынан қолымен аялай сипады. Дәл сол жерде тілі таңдайына жабысып, қаталаған қырық кісі шөлін басты. Құтысы барлар құтысына, құмырасы барлар құмырасына барынша толтырып алды. Шөлге шыдамды түйелеріміз ғана су ішкен жоқ. Содан кейін Расулаллаһ:


- Қолдарыңызда не бар, барлығын маған әкеліңдер, - деп бұйрық берді. Нан, құрма сияқты жолға ала шыққан азығымызды ортаға төктік. Ардақты елші біздің жол азығымызды ортаға төктік. Ардақты елші біздің жол азығымызды әйелге ұсынды:


- Мыналарды балаларыңа алып бар: Ескертіп қояйын, суың бір елі ортайған жоқ. Біз тек Алла Тағаланың өзімізге сыйға тартқанын ғана іштік, - деді. Әйел ләм-мим деген жоқ, сөйтсе де Пайғамбарымыз өз қолымен ұсынған азықтан бас тартқан жоқ. Барған соң балаларына:


- Мен бүгін таңғажайып бір адаммен кездестім. Айтуларына қарағанда пайғамбар көрінеді, - деген екен. Кейін осы әйел бала-шағасымен келіп, Исламды қабылдайды.


Дереккөзі: «Сахабалар салған сара жол»


 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары