Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Ішімдіктің азабы
16 қазан, 2014 жыл 13 Басып шығару нұсқасы

66Хазреті Әбу Хумаме (р.а) Расулуллаһтың (с.а.у) былай бұйырғанын  айтты:




  • «Кейбір үмметерім күні–түні алкогольді ішімдік ішумен өткізеді, бір күні олар маймыл және доңыздарға айналады, жерге кіргізіледі, аспаннан олардың үстіне тас жауады. Сол кезде  ел былай дейді:

  •  Кеше пәленше ауылды жер  жұтып жойылып кетті,


Ад қауымы сияқты  сел, дауыл, топанмен жойылып кетеді, себебі олардың алкогольді ішімдік ішуден тәубе етпегендері  парақорлық жасау мен жібектен  киімдер киініп, еркектерге арам болған алтын білезік және алтын алқаларды  мойындарына салып  алып, жаман әнші әйелдерді айналасына жинап, ағайын-тумаластарына,  көршілеріне, кедей міскіндерге мән бермей жүреді».


Олардың мақсаты, әртүрлі жаман және  пасық істермен айналысып жүреді.


Хазреті Әбу Хурайра (р.а)  Расулуллаһтың (с.а.у) былай дегенін айтты:




  • «Кімде-кім зинақорлық жасаса немесе алкогольді ішімдік ішсе, ұрлық жасаса Ұлы Алла Тағала  оның иманын киімді басынан шешкендей суырып алады».


Хазреті Әбу Муса (р.а) Расулуллаһтың (с.а.у) былай бұйырғанын айтты.:


– «Үш кісі жұмаққа кіре алмайды.




  • Ылғи алкогольді ішімдік ішетін.

  • Ағайын-тумаластарға барыс келісті тастаған адам.

  • Бал ашып дуалаған кісі.


Алкогольді ішімдік ішіп қайтыс болған адамға қиямет күнінде  «ғота»  дейтін судан ішкізіледі».


Бір кісі сұрады:




  • Иә, Расулуллаһтың (с.а.у) ғота деген не?


Былай деді:




  • «Ғота»  деген тозақтың ішіндегі бір арық, оған қан, ірің зинақорлардың ұят жерлерінен ағады, алкогольді ішімдік ішкендердің   аузынан өте жаман иіс шығады,  тозақтағыларда оның жаман иісіне шыдамайды».


«Уағызшылардың інжу-маржаны»


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары