Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Пайдасыз сөздерді  айтпаған абзал
29 қазан, 2014 жыл 16 Басып шығару нұсқасы


Әбу Саъид Худрий (р.а) айтады: «Бір адам Пайғамбардың (саллаһу аләйһи уә сәлләм) алдына келіп: «Ей Алла Тағаланың  елшісі маған өсиет айтыңыз»,-деді. Пайғамбар (саллаһу аләйһи уә сәлләм) айтты:

عَلَيْكَ بِتَقْوَى اللَّهِ فَإِنَّهَا جِمَاعُ كُلِّ خَيْرٍ، وَعَلَيْكَ بِالْجِهَادِ فَإِنَّهَا رَهْبَانِيَّةُ الْمُسْلِمِينَ، وَعَلَيْكَ بِذِكْرِ اللَّهِ، وَتِلاوَةِ كِتَابِ اللَّهِ فَإِنَّهُ نُورٌ لَكَ فِي الأَرْضِ، وَذِكْرٌ لَكَ فِي السَّمَاءِ، وَاخْزِنْ لِسَانَكَ إِلا مِنْ خَيْرٍ فَإِنَّكَ بِذَلِكَ تَغْلِبُ الشَّيْطَانَ

«Сен Алла Тағалаға тақуалық істе. Өйткені, ол барша жақсылықтарды топтаушы. Тақуалықты мықты ұста. Өйткені ол мұсылмандардың жетекшісі. Және Алла Тағаланы  зікір ет және құран оқы. Өйткені, ол саған жерде нұр, көкте зікір. Жақсы сөздерден басқасынан тіліңді сақта. Осымен шайтанды жеңесің».

Фақиһ айтады: «Пайғамбардың (саллаһу аләйһи уә сәлләм)  «Алла Тағалаға тақуалық істе» деген сөздеріңнің мағынасы Алла Тағала қайтарған істерден қайту, Алла  Тағала бұйырған істерді орындау. Егер тақуалық істесе, барша жақсылықтарды жиыпты. Енді «тіліңді сақта» деген сөздің мағынасы тек жақсы сөздерді айт, үлгілі боласың немесе тыныш жүр, саламатта боласың. Өйткені саламаттық үндемеуден. Адам шайтаннан үндемеу арқылы құтылатынын біл. Мұсылман шайтаннан ұзақ болуы және Алла оның айыбын жасыру үшін тілін сақтау керек болады».

Ибн Омардан (р.а) риуаят етіледі: Пайғамбар(саллаһу аләйһи уә сәлләм)  айтады:

مَنْ لَطَمَ عَبْدَهُ كَانَ كَفَّارَتُهُ عِتْقَهُ ، وَمَنْ مَلَكَ لِسَانَهُ سَتَرَ اللَّهُ عَلَيْهِ عَوْرَتَهُ . وَمَنْ كَظَمَ غَيْظَهُ وَقَاهُ اللَّهُ تَعَالَى عَذَابَهُ ، وَمَنِ اعْتَذَرَ إِلَى رَبِّهِ قَبِلَ اللَّهُ مَعْذِرَتَهُ

«Кім құлын ұрса, оның каффараты (өтеуі)-оны азат ету. Кім тіліне патша болса, Алла  оның ұят жерін (істерін) сақтайды. Кім ашуын жұтса, Алла  оны азаптан сақтайды. Кім Алладан  кешірім сұраса, Алла оны кешіреді».

Әбу һурайра (р.а) риуаят етеді, Пайғамбарымыз (саллаһу аләйһи уә сәлләм)  айтты:

مَنْ كَانَ يُؤْمِنُ بِاللَّهِ وَالْيَوْمِ الآخِرِ فَلْيُكْرَمْ جَارِهِ، وَمَنْ فَلْيُكْرِمْ ضَيْفَهُ، وَلْيَقُلْ خَيْرًا أَوْ لَيَسَكَتْ

«Кім Алла Тағалаға және ақырет күніне иман келтірсе, көршісін және қонағын құрметтесін, жақсы сөздерді сөйлесін немесе үндемесін (тыныш отырсын)».

Фақиһ айтады: Мұхаммад ибн Сауқа Заһид айтты: «Сіздерге бір хадисті айтайын, қане енді сіздерге пайда берсе, мағанда пайда берді. Маған Ато ибн Әбу Рабах айтты: «Ей, туысқанымның ұлы, сіздерден алдыңғылар артықша сөзді жаман көретін еді. Олар Аллаһтың кітабы жақсылықты бұйырып және жамандықтан қайтару, өмірде жасау үшін керек болатын сөздерден басқа сөздердің барлығын артықша есептейтін еді». Кейін және айтты: «Алланың мына сөзін қабылдамайсыздар ма?  «Негізінен, шәк-шүбәсіз, сіздердің үстеріңізде (істеген әрбір амалдарыңызда) есте сақтап, жазып тұрушы періштелер бар. «(Инфтар сүресі, 10-11 аяттар. Және тағы: «Өйткені, оң және сол жақта отырған екі қабыл етуші (жазып тұрушы періштелер адамның айтқан және істеген барлық жақсы-жаман сөз-амалдарын) қабыл етіп, жазып тұрады. Ол бір сөзді де сөйлемейді, тек (сөйлесе) оның алдында дайын болған бір күзетуші (періште ол сөзді жазып алады)». (Қаф сүресі, 17-18 аяттар)». «Біреуіңіз күннің басында жазылған амал дәптері ашылғанда, ондағы амалдары дін және дүние істерінен болмай, ұялып қалмайды ма?»

Әнас ибн Мәликтен риуаят етілді: Пайғамбар с.ғ.с айтты:

 أَرْبَعٌ لا يُصَبْنَ إِلا بِعُجْبٍ: الصَّمْتُ وَهُوَ أَوَّلُ الْعِبَادَةِ وَالتَّوَاضُعُ وَذِكْرُ اللَّهِ عَزَّ وَجَلَّ وَقِلَّةُ الشَّيْءِ

«Төрт нәрсе тек қана таңырқаумен болады. Үндемеу бұл-ғибадаттың басы. Кішпейілділік. Аллаһты зікір ету және жамандығының аз болуы».

Бұл сөз Иса ғ.а-нан да зікір етілген.

Әбу һурайрадан р.а риуаят етілді: Пайғамбар с.ғ.с айтты:

مِنْ حُسْنِ إِسْلاَمِ الْمَرْءِ تَرْكُهُ مَا لاَ يَعْنِيهِ

«Адамның мұсылмангершілігінің сұлулығы мағынасыз сөздерді тәрк етуінде».

Лұқман хакимнен сұралды: «Сіз мұндай дәрежеге қалай жеттіңіз?»-деп. Айтты: «Тура сөйлеумен, аманатты орындаумен және керексіз сөздерді тәрк етумен».

Әбу Бәкір ибн Ияштан риуаят етілді. Айтты: «Төрт патшаның әрбірі бір-бір сөзден айтты. Олардың айтқан сөздері бір садақтан атылған оқтай еді. Кисра айтты: «Айтпаған сөзіме өкінбеймін, айтқан сөзіме өкінемін». Қытайдың патшасы айтты: «Сөйлемеген сөзіме мен иемін, сөйлеген сөзім болса маған ие». Румның патшасы айтты: «Мен айтпаған сөзді қайтаруға, айтқан сөзімді қайтарудан гөрі қуаттырақпын». Үндістан патшасы айтты: «Ғажап біра адам бір сөзді айтса, ол сөз аузынан шығып, оған зиян келтіреді. Егер шықпағанда, оған зиян келтірмейтін еді».

Рабиъ ибн Хайсамнан риуаят етілді: Ол кісі таң атса қағаз және қаламды алатын, ешнәрсе сөйлеместен тек қана жазатын және жаттайтын еді. Кеш болғанда өзімен есептесетін.

Фақиһ айтады: Бұл істер тақуалардың амалдарынан еді. Олар тілді сақтауды өздеріне міндет етіп жүктеген еді және дүниеде өздерімен есептесетін. Сол сияқты мұсылмен үшін ақырет есеп-қисабынан алдын, бұл дүниеде өзімен есеп қисап етуі керек болады. Өйткені дүние есеп-қисабы жеңіл. Бұл дүниеде тілді сақтау ақыреттегі өкініштерден жеңілірек.

Ибраһим Таймйидан риуаят етіледі: «Маған бір адам сөйлеп қалды. Ол Рабиъ ибн Хайсаммен жиырма жыл бірге болып, одан ешқандай жаман сөз естімеген екен».

Қалалық №1 мешітінің наиб имамы Айыпхан Думан. «Танбиһул ғофилин» кітабынан аударылды

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары