Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Ашура күні
31 қазан, 2014 жыл 253 Басып шығару нұсқасы
5Уаһб ибн Мунаббиһ деген кісіден риуаят етілді: «Кімде-кім Маған (с.ғ.с.) он салауат айтса, ол адам бір құл азат еткендей сауап алады»
Әбу Ләйіс Самарқанди (р.ғ) иснадымен Абдулла ибн Аббастан (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) айтқанын жеткізді. «Кімде-кім Мұхаррам айының 10-шы күнін, яғни Ашура күнін оразамен өткізсе, он мың періштенің, он мың қажылық пен ғұмраның, он мың шаһидтің сауабын береді және сол күні бір жетім баланың басынан сипаса, сол баланың басында қанша шаштың түгі болса, соншалықты дәрежесін көтереді, ал сол күні ашура күнінің құрметіне ораза ұстаған адамның аузын аштырса, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бүкіл үмметіне ауыз аштырып, тойдырғандай сауап алады. Осыны естігенде сахабалар: «Я Расулулла, сонда Алла Тағала осы күнді басқа күндерден артық қылған ба?-деп сұрағанда, иә әлбетте, себебі Алла Тағала осы Ашура күні жеті қат аспан мен жеті қат жерді және таулар мен көлдерді, Адам (ғ.с.) мен Хауа анамызды, жұмақты жаратқан күн және сол күні пенделерін жұмаққа кіргізетін күн. Ибраһимнің (ғ.с.) туған күні, оны (ғ.с.) Намрудтің отынан құтқарған күн және Ибраһим (ғ.с.) осы күні: шіркін балам болса, сол баламды құрбандыққа шаламын деп уәде еткен күн. Перғауынның суға кеткен күні, Аюбтың (ғ.с.) дертінен айыққан күні, Алла тағала Адамның (ғ.с.) тәубәсін қабыл қылған күн, Сүлейменге (ғ.с) жер бетінің мүлкі қолына берілген күн, Идрис (ғ.с.) пен Исаның (ғ.с.) көкке көтерілген күні және қиямет күні осы күні болады».
Икрима (р.а.) Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) риуаят етті: «Нұхтың (ғ.с.) топан судан кейінгі жер бетін басқан күн осы ашура күні, сол күнге шүкіршілік қылып, ораза ұстайды».
Басқа бір риуаятта: «Кімде-кім сол күні отбасының ризық-несібесін кеңейітсе, жыл бойы ырзық-несібесі кең болады».
Абдула ибн Аббастан риуаят еткен хадисте: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Медине қаласына һижрат қылып келгенде, сол жердегі яһудилердің ораза ұстап жүргенін көргенде олардан ораза ұстауларының себебін сұрайды. Сонда олар: Осы күні Алла тағаланың Перғауынға қарсы Мұсаға (ғ.с.) жеңіс сыйлаған күні дегенде, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Мұсаға (ғ.с.) сендерден гөрі біз лайықпыз»-деді, және бізге сол Ашура күні ораза ұстауды, Рамазан айы парыз болғанға шейін бұйырды». Ашура-арабшадан аударғанда 10 деген мағынаны береді. Мұхаррам айының 10-шы күні Ашура деп аталу себебі: Бұл күні Алла тағала тарапынан он Пайғамбарға он мұғжиза берілген күн сол мұғжизалардың бірі Юнустың (ғ.с.) балықтың ішінен шыққан күні.
Кейбір ғұламаларымыз айтқан: Біздің Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) үмметіне он керемет берілген сол кереметтің оныншысы Ашура күні, ал біріншісі:
1 Ережеп айы.
2 Шағбан айы.
3 Рамазан айы.
4 Қадір түні.
5 Пітір айты.
6 Қажылық айының алғашқы 10күні.
7 Арафа күні.
8 Құрбан айт күні.
9 Күндердің мырзасы болған Жұма күні.
10 Ашура күні.
Қадірменді мұсылман қауым! Ашура күні биылғы жылы қараша  айының  03-ші  жұлдызына дәл келіп тұр. Ашура күнінің алдынан немесе  соңынан  бір күн қосып ораза ұстаса болады. Ашура күні ораз ұстау сауапты амалға жатады. Алла Тағала осы Ашура күні ұстаған оразамызды қабыл қылып, қадамдарымызды сауаптан қылсын.

Арабшадан аударғандар: Қарағанды облыстық орталық мешітінің наиб имамдары: Дархан Асылтайұлы,  Бекболат Зүлжаладдинұлы

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары