Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Сауабы мол амал
08 қараша, 2014 жыл 144 Басып шығару нұсқасы
image (1) қоқыс

Бiр иманы берiк тақуа кiсi қажылық жасауға қамданып жүреді. Содан бұл кісі  жолда бiреудiң күресiнге өлген тауықтың етiн тастап кеткенiн көзi шалып қалады. Оның   iзiнше әлгi тауықты сол жерден тауып алып, әкетiп бара жатқан  баланы көредi.  Баланы  тоқтатып алады да:

- Мұның не? - деп сұрайды. Қыспаққа алған соң қысылып тұрған  бала, шынын айтады:
- Бiз жетiмдер едiк. Бiраз болды, ашпыз.  Бiздiң бұл халiмiзден көршi-қолаңдарымыз бейхабар, - дейдi. Сонда әлгі кісі есептеп қараса, қажылыққа жұмсайтын қаражатқа деген мың динары бар екен. Одан қайтар жол шығынын өтейтiндей аз қаржы алып қалып, қалғанының бәрiн әлгi жетiмдерге бередi.
Сосын, ол кiсi қасындағыларға:
- Жетiмдерiм аш болып, қоқыстан өлген тауықтың харам етiн жеп жүргенде қажылықты қайтiп өтейiн, - деп керi қайтқан екен.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары