Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Қайырымды жүрек қартаймайды
17 қараша, 2014 жыл 14 Басып шығару нұсқасы
d0b0d181d0bad3a9d0baЕрте ерте ертеде... Қытай астанасы Пекинде  тұратын Лулу есімді қыз ауылдың  бір жігітіне  тұрмысқа шығады. Күйеуінің анасымен бір шаңырақ астында өмір сүреді. Күндердің күнінде   жас келін енесінің қатал мінезіне, тәртібіне көндіге алмайтынын сезеді. Келін не істеседе де енесінің көңілінен шықпайды: мынауың дұрыс емес, ананы шала істепсің деп, тырнақтың астынан кір іздеп, жақтырмай ұрыс-керіс шығара  береді.

Бір айдан соң енесінің ұрысына одан әрі шыдай алмай келін өзінің сиқыр шөптерімен әлемге  әйгілі  болған тәуіпке барады. Көз жасын тыя алмай өзінің мұңын шағады. Сөйтіп мұндай жолдан шығудың жолын тек қана енесін өлтірмей тынбайтындығын ашық айтады. Тәуіп қыздың сұрауы бойынша арнайы шөп дайындайды.

-Осы шөпті үш ай бойы енеңнің тамағына күніге екі рет қосып тұр. Бұл у шөп аз аздан берілуі тиіс. Енеңнің өліміне сенің қатысың бар екенін ешкім білмеуі үшін осы шөп жайлы ешкімге айтпа және ешкімнің күмәнін туғызбау үшін енеңе үш ай бойы жақсы қарап, оған жақсы көретін тамағынан беріп тұруың қажет деген ақылын айтады.

Сол күні Лулу үйіне қуанып кіреді. Ертеңіне енесіне жақсы көретін тағамдарын  жасап, тәуіп дайындап берген шөпті тамаққа аз-аздан  қосып тұратын болады. Ешкім күмәнданбасын деп енесінің тілін алып, оған жақсы қарай бастайды. Енесі де келіннің өзгергенін байқап, одан әрі ұрыс үшін ешқандай себеп таппай қалады. Осылайша енесі келінді өз қызынан артық көріп, бауырына басады. Ененің осылай күрт өзгеретінін күтпеген Лулу, енесінің тамағына у қосып жүргеніне   өкінеді. Оның осы әрекетінен енесі қайтыс болатынына қатты налиды. Тәуіпке барып енесінің өлуін қаламайтынын айтып, мүмкін болса берген  шөптің әсерін жокқа шығаратын басқа шөп даярлауын сұрайды. Осыны естігенде тәуіп күлімдеп:

- Қызым осыдан екі ай бұрын мен берген шөп у емес, жай шөп болатын. Өзіңнің асығыс шешіміңе, қастандық жасауыңа жол бермей осылай жасауға тура келді. Мен сені  енеңе жақсы сөз айтып, жақсы қарай бастағаныңда, енең де саған жақсы қарай бастады. Адамдардың сені жақсы көруін қаласаң, сен адамдарды жақсы көруің керектігін ешқашан есіңнен шығарма. Өйткені гүл берген кісінің қолында міндетті түрде гүлдің исі қалады деп  келінге жаманшылық болмайтынын  түсіндірген екен.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары