Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Барлық дерттің дәрісі
18 қараша, 2014 жыл 123 Басып шығару нұсқасы
20120321133149Хасан Басри айтады: «Бірде мен Басра қаласының көшелерімен бір тақуа жігітпен бірге келе жатыр едім алдымыздан дәрі сатып отырған кісі көрінді. Оның жанына адамдар жиналып қалыпты. Әрқайсысының қолында бір-бір құты, өздеріне керекті дәрілерді сұрап, құтыларға құйып алып жатыр. Қасымдағы жігіт дәрігерге жақындап «Ей, дәрігер! Сенде күнәларды кетіріп, жүректерді тазартатын дәрі бар ма?»,-деп сұрады.
- Бері кел! Менен он түрлі нәрсе ал:
1) Кедейлік ағашының суы мен кішіпейілдік ағашының суын ал.
2) Оларды тәубенің ем суымен араластыр.
3) Раббыңның разылығының диірменіне сал.
4) Қанағаттың сүргісімен жон.
5) Тақуалық қазанында қайнат.
6) Оған ұяттың суынан қос.
7) Мұны Аллаға деген махаббат отымен қайнат.
8) Сосын оны шүкірлік құтысына құй.
9) Үміт желімен салқындат.
10) Зікірдің қасығымен іш.

Егер сен осы айтқанымды істесең осы дүниенің де, ақыреттің де барлық дертінен аман боласың».

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары