Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Мұсылман адамның сөйлеу мәнері
20 қараша, 2014 жыл 1348 Басып шығару нұсқасы
ywn8PS8yTsEӘр мұсылманның үлкен жиһады – ақиқат үшін күресу. Бұл жолда ең қиыны - тілді тыйым салынғандардан сақтау. Ал тыйымның мәні - сол адамның өзін жамандық пен күнәдан сақтауында жатыр.
Кез-келгеніміздің сөйлеу мәнерімізді алып қарайықшы. Адамның не айтқаны маңызды және оны қалай жеткізгені, қалай сөйлегені маңызды. Біз көп жағдайда айтарымызды айтқанмен қалай сөйлеп, қалай жеткізіп тұрғанымызға еш мән бермейміз.
Сөйлей білу әдебі мұсылмандығымыздың бір дәлелі болмақ. Ол білімімізді, тәрбиемізді көрсетеді. Біздің қалай сөйлегенімізге қарап жалпы елдің мәдениетін байқауға болады. Қазір бақсақ жас буынның да, аға буынның да сөздік қоры саяз, көркем лексика жоқ. Бұның басты бір себебі - қоғамның рухани құндылықтардан ажырауында жатыр. Қоғамды адам құратынын ескерсек, әр адамның бұл арада үлесі бар деген сөз. Қоғам мәдениеті әрбір адамның мәдениетінен құралады. Өкінішке қарай, көркем сөйлеу туралы түсінік, діни білімнің аздығынан, әдеби сөздік қордың мүлде жоқтығынан осы халге жеттік. Екінші себеп – әр адамның өз-өзін жан-жақты шыңдауға талпынбауы. Білімнің шегі жоқ. Бірақ көпшілігіміздің оқу-тоқуға ынта-ықыласымыз, білімге бойлағымыз жоқ. Оқу, білім нәрімен сусындау ана тіліміздің өміршеңдігін арттырып қана қоймай, мұсылманның әдемі сөйлеу мәнеріне үйретеді.
Сөйлеу мәнері – өмір сүру үшін, өз шаруаларымызды тындыру үшін ғана қажетті дүние емес. Ол біздің ойымыздан хабар береді. Көпшілік алдында біздің кім, қандай адам екенімізді танытады. Ішкі ойымыздың, жеке тұлға ретіндегі өреміздің көрсеткіші.
Әр мұсылманмын деген адам қалай болса солай былапыт сөйлемей, өзінің сөйлеу мәнерін дұрыстауы қажет. Себебі көркем мінез-құлық, әдепті сөйлеудің де сауабы бар. Сәйкесінше тілден шыққан ғайбат, былапыт сөз үшін де жаза бар екенін ұмытпайық. Сауапқа кенеліп, ана тіліміздің шұрайлылығын сақтап, өміршеңдігін арттырамыз десек сөйлеу мәнерімізді дұрыстап, тыйым салынған дүниелерден сақтанайық.

Islamdag.ru

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары