Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Жәннаттық адам
24 қараша, 2014 жыл 11 Басып шығару нұсқасы
ERCeMO9ttMIПайғамбарымыз (с.ғ.с.) сахабаларымен бiрге отырғанда: - Қазiр осы жерге жәннаттық бiр адам келедi, - дейдi. Сахабалар таңдана бiр-бiрiне қарасып отырғанда бiр кiсi кiрiп келедi. Ертеңiне де, одан кейiнгi күнi де осы жағдай қайталанады. Пайғамбар (с.ғ.с.) тұрып кеткеннен кейiн Омарұлы Абдулла атты сахаба әлгi кiсiге жақын келiп:
- Мен әкеммен сөзге келiсiп қалып, үш күн қасына бармауға ант iшiп едiм. Сол үш күндi сенiң қасыңда өткiзсем бола ма? - деп сұрайды. Ана кiсi келiседi. Абдулла онымен бiрге үш түн бiр түнеп, оның түнде намазға тұрғанын көрмейдi. Жақсы сөзден басқа сөз айтқанын естiмейдi. Үш күн өткен соң оған былай дейдi:
- Әй, Алланың құлы, әкем екеумiздiң арамызда ешбiр келiспеушiлiк болған жоқ. Бiрақ Пайғамбардың (с.ғ.с.) сен келер кезде: «Қазiр жәннаттың адамы келедi» дегенiн естiдiм. Сондықтан сенiң қасыңда болып, iс-әрекетiңдi байқағым келдi. Бiрақ бiр артық ғибадат жасап, амал iстегенiңдi көрмедiм. Сенi жәннаттық дәрежеге жеткiзген не нәрсе? деп сұрайды. Сонда әлгi кiсi:
- Мен өзiң көрiп тұрғаныңнан артық амал қылған емеспiн. Бiрақ ешбiр мұсылманға жүрегiмде жамандық сақтамадым. Аллаһтан өзiме не тiлесем, өзгелерге де соны тiледiм. Аллаһтан бiреуге бiр жақсылық жетсе, өзiме жеткендей қуандым, - дейдi. Сонда Абдулла:
- Сенi жәннаттық дәрежеге жеткiзген нәрсе осы болуы керек - дептi.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары