Мекке... Жол шетінде қарт кісі мен жас жігіт шүйіркелесіп өзара әңгімелесіп отыр. Алдарынан жақсы киінген бір кісі шықты. Әлгі кісі келген бойы жас жігітке бір кесе алтын ұсынды. Жігіт: – Рақмет, – деді, – маған оның қажеті жоқ! – Сонда да, ал, – деді әлгі кісі, – қаласаң өзіңе жаратарсың, қаламасаң кедей-кепшіктерге үлестірерсің? Жігіт көп сөз таластырып жатпастан ала салды. Бір кесе алтынды тұтастай сол күні-ақ өзі білетін мұң-мұқтаж кісілердің бәріне таратып берді. Қарт кісі ертесі күні кешегі қасында отырып әңгімелескен жас жігіттің біреуге қыжалатын айтып көмек сұрап тұрғанын көріп: – Балам-ау, өзіңнің де ақшаң жоқ екен. Кешегі қолыңа тиген алтыннан өзіңе де алып қалсаң болмас па еді? – дегенде, жас жігіт жұлып алғандай: – Мен таң атса болды кешке дейін өмірімнің жетер-жетпесіне ешқашан сеніммен қарап көрген емеспін, – деген еді. Тақуалық – қашанда өлімге даяр жүру. «Күндік несібе Құдайдан» деген сөз де осындай тақуа кісілердің айтқаны болса керек..
Дереккөзі: «Тағылым тамшылары»
Пікірлер