Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Жан-жануарларға жауыздық көрсетпе
03 желтоқсан, 2014 жыл 20 Басып шығару нұсқасы

d2d4365c29294c98a6a75325d922a937_big-300x224Ислам - адамдар мен жер бетіндегі тіршілік атаулыға мейірімділік танытуға үндейтін дін. Алла елшісі адам баласына ғана емес, барлық жан-жануарларға мейірімділік көрсету үшін жіберілген. Құранда бұл туралы: «Біз сені әлемге мейірім ретінде жебірдік»-делінеді.


Егер Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадистеріне зер салсақ Алланың барлық жаратқандарына, оның ішінде жан-жануарларға мейірімділік таныту жөнінде көп айтылғанын көреміз.


         Айша анамыз: «Алла елшісі мысық су ішуі үшін ыдысты қисайтыңқырап қоятын»-дейді.


Басқа бір хадисте: «Шүйгінді жерлерге саяхатқа шыққанда түйелеріңді бос жіберіңдер, олар аш қалмасын»-делінеді.


Тіпті бірқатар хадистерде мал сойған кезде де неғұрлым жеңіл әдіспен сою керектігін жеткізеді. Сахаба Шаддад ибн Аус (Алла оған разы болсын) жеткізген Алла елшісінің хадисінде: «Шындығында Алла сендерге барлық істе мейірімді болуды бұйырды. Сол себепті мал сойғанда оны неғұрлым жеңіл әдіспен сойыңдар. Пышақтарыңды қайрап алыңдар, малды азапқа салмаңдар» - делінеді.


Әбу Хурайра  жеткізген  мынадай мысал оқиғаны да айтуға болады: Бірде зинақор әйел құдық маңынды қыңсылап, шөлдеп жатқан итті көреді де, оны аяп, аяқ киімін шешіп сонымен су алып береді. Алла сол үшін оның күнәларын кешірген екен.


         Осы айтылғандардың бәрін саралай келсек, жан-жанауарларға, Алланың барлық жаратқандарына жауыздық емес, мейірімділік танытудың да сауабы бар екенін көреміз.


Қазақшаға  "Ан Ниса" сайтынан аударылды

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары