Пайғамбарымыз(с.ғ.с) және Хазреті Әбу Бәкір Хижрет кезінде тау үңгірінде үш күн болды. Әбу Бәкір қатты шөлдегенін айтқанда Пайғамбарымыз(с.ғ.с) оған былай бұйырды:
– Ей Әбу Бәкір! Сыртқа шық, ағып тұрған өзеннен қалағаныңша іш!
Хазреті Әбу Бәкір сыртқа шыққанында таң қалды. Қардан суық және аппақ, балдан тәтті және хош иісті бір өзеннің ағып тұрғанын көрді. Шөлін қандырып ішіп, кейін Пайғамбарымыздан сұрайды:
– Ей Расулуллаһ, бұл таудың басында ағып тұрған қандай жанды су, мұндайды әлі ешкім көрмеген.
Пайғамбарымыз оған:
– Алла Тағала Жәннат өзендерінен жауапты болған періштеге сен ішуің үшін Фирдәус жәннатынан осы үңгірдің алдына бір өзен ағызуын әмір етті.
Хазреті Әбу Бәкір жылап тұрып:
– Әке-шешем сен үшін құрбан болсын! Әбу Бәкірдің Алла Тағала алдында мұншалықты қадірі бар ма еді, ол үшін су жіберерлік?
– Алла Тағала алдында қадірің өте жоғары. Мені пайғамбар етіп жіберген Аллаға ант етіп айтамын саған дұшпандық еткендер жетпіс жылдық жақсылықтары болса да Жәннатқа кіре алмайды.
Пікірлер