Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Зәм-зәм – қасиетті су
22 желтоқсан, 2014 жыл 44 Басып шығару нұсқасы

зам замЗәм-зәм суы қайдан пайда болды? Оның қандай қасиеттері бар? Не себепті қасиетті саналады? Ол туралы Құранда не айтылған?


Сауд Арабиясында, Мекке қаласында қасиетті зәм-зәм суының бастауы бар.  Бұл Ибраһим Пайғамбардың ұлы Исмайыл мен жұбайы Хаджар таяғымен түртіп қалған жерден шыққан су.  Ибраһим Пайғамбар жұбайы мен жас баласын қу далаға қалдырып кетеді. Сол кезде жұбайы Хаджар: «Сен бізді далаға тастап кетсең де, Алла бар»-дейді. Сонда Ибраһим Пайғамбар бұл Жаратушының бұйрығы екенін жеткізгенде, Хаджар оған сәттілік тілеп қала береді.


Ибраһим Пайғамбар Алладан жұбайы мен  баласын қорғауды сұрап дұға жасайды.  Сондай-ақ оларды қалдырған жерге адамдардың қоныстануын тілейді. Ол кезде Исмайыл төстен шықпаған жас бала болатын. Ибраһим Пайғамбар кеткеннен кейін екеуінің тамағы таусылып, Хаджар су іздеуге шығады. Жас сәби жылап мазасыздана бастайды. Хаджар Cафа төбесіне шығып Марва төбесіне қарай асығады. Солай Сафа мен Марва арасында су іздеп жеті рет жүріп өтеді.


Кейін Ибраһим ұлы Исмайылмен Алланың бұйрығы бойынша бұлақтың қасынан Каабу (арабтар мен мұсылмандардың қасиетті жері екендігінің символы) салады.


Мұхаммед Пайғамбар: «Егер мына бес нәрсеге: Құранға, Каабаға, ата-ананың жүзіне, алимнің жүзіне және зәм-зәмға құрметпен қараса, бұның өзі Құдайға құлшылық еткен болады. Зәм-зәмға қарағанның күнәлары кешіріледі»-деген.


Басқа бір нақылында Алла елшісі: «Асқазанына зәм-зәм суы түскен адам тозақта болмайды, себебі тозақ отымен зәм-зәм суы бір жерде бола алмайды»-деген.


Зәм-зәм суы ерекше қасиетке ие. Егер адам оны ішсе ерекше дәмді сезеді, аштықты басады, Алланың қалауымен дертке шипа болады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Зәм-зәм суын не үшін ішсең, соның жүзеге асуына көмектеседі»-деген. Осы судың қасиетімен аурудан айығуға, шөлді қандыруға болады. Мұхаммед Пайғамбар: «Егер ішіп денсаулығыңды түзесең – сені Емдеушінің сауықтырғаны. Егер тойсаң – тамақ Берушінің тойдырғаны. Егер ойың түзеле бастаса – бәрін Көруші сенің жаныңды тазартқаны»-дейді.


Зәм-зәм суының емдік қасиетін мұсылмандар бір Алланың құдіретімен ғана байланыстырады. Айығуға үмітсіз аурулардың осы зәм-зәм суын ішкеннен кейін жазылғаны туралы мысалдар да жеткілікті. Ғалымдар зәм-зәм суының емдік қасиеті туралы бір тоқтамға келе алмаған. Зерттеулердің нәтижесі бойынша зәм-зәм суы барлық халықаралық стандарттарға сәйкес ішуге жарамды. Зәм-зәм суының құрамында кальций мен магнийдің мөлшері әдеттегі басқа сулардан көбірек.


Зәм-зәм суының қасиеттері:


– аталмыш бұлақ ешқашан кеуіп қалмайды. Барлық кезде суға толы.


– химиялық құрамы өзгермейді. Тұзы мен судың дәмі бұлақ алғаш пайда болған кездегідей.


– судың ішуге жарамдылығына ешқашан күмән келген емес. Барлық уақытта адамдардың тұтынуына жарамды.


 – суде микроағзалар мен бактериялар жоқ.


Күні бүгінге дейін қажыға барушылар Меккеден қайтарда зәм-зәм суынан қалағандарынша құйып алып әлемнің түкпір-түкпіріне алып кетіп жатыр.


Алла Тағала бәрімізге қажылық парызымызды өтеп,  қасиетті судан дәм татуды нәсіп етсін!


Қазақашаға islam.ru cайтынан аударылды

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары