Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Көрші әйел
01 ақпан, 2015 жыл 31 Басып шығару нұсқасы

photoҚаланың  бітпейтін күйбең тіршілігі. Дәурен әдеттегідей жұмыстан үйіне оралды. Таяуда ғана көшіп келген пәтеріне үйрене алмай жүр,  әлі де жатсынады. Үйіндегі әйелінің де  көңіл-күйі мәз емес. Күнделікті жұмыстан  келгенде көпқабатты үйдің  алдынан көрші әйел қасқайып күтіп алады. Күн сайын пәтерге қатысты бір шағымын айтып дауласады. Бірде шулайсыңдар десе, енді бірінде қоқыс  төктіңдер деп жала жабады. Ал бүгінгі арызы, менің үйімнен жарық ұрлап, біздің жарықты пайдаланып   жүрсіңдер дегені. Орынсыз айтқан бұл жалаға Дәурен ақ екенін айтып, барынша  түсінідіруге тырысып бақты.Қып-қызыл жала екенін де айтты. Алайда түсінетін әйел бұл емес. Ұрыс-керіс одан сайын ушығып, полицей шақыруға дейін барды.   Осы жағдайдың рас-өтірігіне көз жеткізгісі келген  Дәурен кешкілік дәнекерлеушіні (электрик) шақырып, екі пәтердің  есептеуіш құрылғыларын, сым-тетіктерін тексертеді. Ешқандай ұрлықы әрекет жасалмаған. Дәнекерлеушінің сөзін естісе де көрші әйел  көкбеттік күйінен тайынар емес. Осылай екі көрші де ұрысқан күйлерімен тарасады.


Ертесіне Дәуреннің жұмыстағы басшысы қоңырау шалып, кабинетіне шақырып алады. Зілді даусын естіген   Дәурен бір жамандықтың болғанын сезді. Сабырлы қалыппен басшысының алдына кірді. Бастығы бүгін таң ата жұмысқа көршісі келгендігін, кешегі жағдайды толық баяндағанын айтады.  Бетпақ әйел енді Дәурен тұрмақ осындай жұмысшысы бар  мекемеге арызданатынын айтып кетіпті. Жігіттің жүрегі зырқ ете қалды. Бастығы Дәуреннен мән-жайды сұрамады да. Келесіде осындай арызданып келген біреу болса жұмыстан шығатыныңды біле жүр деп кесіп айтты. Сөзін аяқтай сала боссың, жұмысыңа бар деп есікті нұсқады.


Жұмысқа тұрғанына бір жылда болмаған.  Жоғарғы оқу орнын тәмамдаған жылы дипломын, құжаттарын алып талай табалдырықты тоздырған еді. Енді ғана жұмысқа орналастым дегенде көрші әйелдің жаласы жолымды кеспей ме? Жұмысымнан айырылсам не болмақ? Отбасымды қалай асырамақпын? Бастығым да қатал. Көрінгеннің жағдайына қарамайды ғой деген ойлар санасынан кетпей қойды.


Сол күні кешке Дәурен амалы таусылып, кінәсы жоқ болса да көршісінен кешірім сұрауға барды. Жаны қатты күйзеліп, жазықсыз жапа шекті. Қалайда бүгін кешірім сұрап шығу керек!  Дәуреннің келіп тұрғанын естіген көрші әйел, есіктің арғы жағында тұрып, не себепті келгенін сұрады. Дәурен есікті ашуын сұрап еді, қай-қайдағы біреулерге есікті ашпайтынын айтып баяғы әуенімен ұрыса кетті. Сөздері тым ащы, жүрекке ауыр тиеді. Сонда да Дәурен сабырлылық танытып: «Ер кісі келіп тұрғанда есігіңізді ашпағаныңыз олда дұрыс. Сізге айтқалы келгенімді тыңдасаңыз. Көшіп келгелі сізге ұнамай-ақ қойдық. Екінші  қабатта қазақ көршілерден екеу ғана тұрады. Бір-бімізге бөтен емеспіз.  Тату тұрайық.  Артық кеткен тұсымыз болса, өтініш кешірім сұраймыз. Әйелімде сізден кешірім  болсын деп келіп тұр »-деді. Осылай кінәсі жоқ болса да  кешірім сұрағанына іштей ызаланды. Мұндай боларын кім білген?! Көрші әйел: «Осы ма айтайын дегенің, жақсы олай болса» -деп, үйінің ішкі есігін тарс еткізіп жауып кетіп қалды.


Арадан бірнеше күндер өтті. Көрші әйел тыныш. Күн сайын Дәуреннің алдынан арызданып шықпайды. Үйінде де баяғы дабырлаған дауыстары естілмейді.


Дәурен кешірім сұрағанымыз, тату көрші болайық  дегеніміз дұрыс болды деп іштей қуанып келе жатқан еді.  Көпқабатты үйдің алдында қарасы көп адамдарды көрді. Бүгін не жағдай деп,  кісілерден сұрастырады. Көңілі тыншымайтын көрші әйел о дүниелік болыпты. Соңғы кездері есінен танып, ауытқып  көрінген жанмен ұрысып жүрген.  Дәуренмен жұлына   ұрысқаны да  денсаулығының сыр берген кезі екен.


Дәурен өзінің соңғы кездері оқып жүрген кітабындағы көрші жайында жазылған хадистер  ойына оралып, кідіріп тұрып қалды. Пайғамбарымыз (с.а.с.) хадистерінде «Көршісіне зияны тиетін адам жұмаққа кіре алмайды», «Аллаға қиямет күніне сендім деген адам көршісін сыйласын», «Алла назарында достардың ең жақсысы досына ең қайырлы, пайдалы болғаны. Алла Тағала назарында көршілердің ең жақсысы, көршілеріне ең қайырлы болғаны»  деген.


Бұл жазбалар Дәуренді  ұзақ ойландырды. Көрші әйелдің шынайы кешіргенін, разылығын  естімесе де «жақсы» деген бір ауыз сөзінің астарынан "кешірдім" деген сөз жатқан болар деп топшалады.


Мөлдір Қуандыққызы

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары