Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Алла Тағаладан қорқу
17 ақпан, 2015 жыл 10 Басып шығару нұсқасы

    DSC03433Адам баласы күнә жасап, сол күнәсін мойындап, Аллаға шын ықыласпен тәуба жасап, көз жасын төгіп, жыласа ол пенденің тәубасын қабыл алып, күнәсін кешіреді. Себебі Алланың пендесіне деген мейірімі ананың баласына деген мейірімінен де жоғары болады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) айтқан: "Егер пенденің күнәсі себебінен Алладан қорқып денесі дірілдеп, қорықса оның күнәларі төгіледі, талдың жапырақтары түскендей, күнәлары кешіріледі" –деген. Адамның жылаған көз жасы да қияметте пайдасы тиеді деген, келген хабарларда қиямет күні болғанда Алланың алдына бір пенде алынып келінеді оның амал дәптері берілген де амалы толлған күнәлар болады. Сол күннің қиыншылығы соншалық адам күнәдан қашады. Сол сәтте пенде: «Я Раббым бұл күнәларды мен істеген жоқпын»-дейді. Сонда Алла Тағала: "Менің саған бұл істеген күнәларыңа күшті куәгерлерім бар" - дейді. Сонда пенде оң жаққа, сол жаққа қарайды бірақ куәгерлерді көрмейді. Таңқалған пенде: «Ей Раббым куәгерлер қайда»-деп сұрайды, сонда Алла Тағала оның мүшелеріне әмір етеді куәлік етуіне, сонда күллі он екі мүшесі куәлік бере бастайды. Құлақ айтады: біз естідік (ғайбат) көз айтады: біз қарадық, тіл: біз сөйледік, екі қолы: біз ұстадық, екі аяғы: біз ол жерге бардық-деп күллі он екі мүшесі күнәсіна куәлік етеді. Сонда пенде қатты қайғырады. Аллаһ тағала ол пендені тозаққа тастауын әмір етеді. Сол уақытта пенденің оң жақ көзінің бір тал кірпігі Аллаһтан сөйлеуге рұқсат сұрайды, оған рұқсат еткен соң, ол: «Я Раббым сен айтпаппа едің: «Қайсы бір пенде менен қорқып, бір тал кірпігін көз жасымен суаратын болса, ол пендемді тозақ отынан босатамын»-деп, сонда Алла Тағала: «Я солай»-дейді. Сонда бір тал кірпік, мен куәлік берем: «бұл пенде сенен қорқып көз жасын төгіп, мені сол жасымен суландырды»-дейді. Алла Тағала ол пендені жәннатқа апаруды періштелерге әмір етеді. Сөйтіп ол пенде тозақтан жәннатқа кетеді. Сонда бір дауыс пайда болып: «Пәленшенің баласы пәленше, көз жасымен бір тал кірпікті суландырған себебімен тозақтан құтылды»-деп үн қатады. Құрметті ағайын Алла Тағала біздердің де күнәларымызды кешіріп, қияметте жаман амалдарға емес, жақсы амалдарға куәгер болуды нәсіп етсін. Әрі Алла Тағала жақсы амалдар жасауымызға жәрдем, күш қуат берсін, күнәларымызды кешіріп, сауаптарымызды арттыруға жазсын. Амин


Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің найб имамы


Қалмағанбетов Нұржан Оңғарұлы «Дурратун-насихин»

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары