Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Дүниені тәрк ету жолы
25 ақпан, 2015 жыл 403 Басып шығару нұсқасы

    AvKngutzBs0Абу һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятында,   «Қиямет күнінде Сіздің(с.ғ.с.) шапағатыңызға кім лайықтырақ болады?»-деп,  Пайғамбарымыздан(с.ғ.с.)  сұрадым.  Сонда Пайғамбарымыз(с.ғ.с.)  «Кімде-кім шын жүрегімен «Лә илаһа иллалла» деп айтса сол адам лайықты болады!» - деп жауап берді.


     Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисінде: «Дүниені тәрк ету, яғни зуһд қылу жүрек пен ағзаға рахат береді, ал дүниенің артынан ілесу жүрек пен денеге машақат береді» - делінген. Сондай-ақ Абу язид Бистами мені сөзден Балхы қаласынан  қонақ болып келген бір адам болмаса, еш бір адам тоқтатпаған. Ол кісі маған сіздерде «дүниені тәрк етудің атасы не?» деп сұрақ қойды. Мен «бізде дүниені тәрк етудің атасын нәпақамызды жейміз, таппасақ сабыр қыламыз»- деп жауап бердім. Сонда маған «сіздердің дүниені тәрк етуде Балхының иттері істейді»- деді. Оған да  «сіздерде дүниені тәрк етудің атасы не?» деп сұрадым. «Біз дүниені тәрк етуде сабыр қыламыз, тапсақ таңдаймыз, яғни адалдығына қараймыз»- деп жауап берді.


    Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадисінде «Кімде-кім ырзығы адалдан болсын деп талап қылса, күнәләрі кешіріледі һәм жәннатқа арам жолмен табылған бір кесек ет те кірмейді» деген. Ал, кітаптарымызда Алла Тағаладан қорқатындар үш дәрежеде болады деген. Бірінші дәрежедегілер олар Алла Тағаладан қорқып іштерін және сырттарын арамнан, күнәдан сақтайды. Екінші дәрежеде тұрғандар Алладан қорқып ағзаларын тиісті орынға пайдаланады, яғни жүректерінен Алланы шығармай, тілдерін зікір айтып, Құран оқып, қол аяқтарын шариғат бұйырған нәрсеге пайдаланып, тыйған нарсеге жоламайды. Үшінші дәрежеде тұрғандар Алладан соншалықты қорқады жүрегіне, рухына сырына Алладан басқа нәрсе кіргізбейді, құлшылын Раббысын көріп тұрғандай өтейді, және ойына Алладан басқа нәрсе кірмейді


Бұқар жырау аудандық мешітінің бас имамы Аманбол қажы Мукаев

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары