Болашақтан сөз қозғағанда «Құдай қаласа» деп қосып айту. Бұл жайында Д.Кішібеков: «Қазақ еш уақытта пәлен жұмыс істеймін, не анда барамын немесе келемін деп айтпаған. Оны да «Құдай қаласа» үйтемін, барамын, не келемін деген», − дейді. «Құдай қаласа» сөзінің арабша баламасы – «иншааллаһ». Бір күні Ислам дінін қабылдамаған мүшріктер келіп Пайғамбарымыздан (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Зұлқарнайын мен рух жайлы және тағы басқа сұрақтар қояды. Пайғамбарымыз «иншааллаһ» сөзін айтпай сұрақтарының жауабын ертең беретінін мәлімдейді. Сонда Алла Тағаладан: «Бір нәрсе жайында «иншааллаһ» деп айтпай тұрып «мынаны ертең жасаймын» демеңдер»,[75 − деген аят келіп, ескерту жасалады. Осы ескертуден кейін Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) аузынан «иншааллаһ» сөзін тастамайды. Бұл әдет үмбетке де сіңіп, жалпы мұсылман қауымның бір әдебіне айналады.
«Наным-сенім, әдет-ғұрыптағы ізгілік» мақаласынан үзінді
Пікірлер