Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Ібілістің дұшпандары мен достары кімдер?
05 наурыз, 2015 жыл 12 Басып шығару нұсқасы
DSC02488Уаһаб ибн Мунаббаһидан жеткізілген риуаяты  бойынша: Ол айтты: Алла Тағала ібіліске бұйырық берді, Мухаммад (с.ғ.с) барып оның сұрайтын сұрағына толық жауап беруді  бұйырды.  Сонда ол бір жаман қарт адамның кейпінде қолында ағашы бар болып келді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) сен кімсің? –деді. Ол: мен ібіліспін! Не үшін келдің? Ол:Алла Тағала маған әмір етті сенің сұраған барлық сұрақтарыңа жауап беруіме бұйырды-деді.

Сонда  Пайғамбарымыз (с.ғ.с)

-Ей ібіліс! Менің үмметімнен қанша дұшпаның бар?

-Оларды 15 түрлі адамдар деп айта аламын:

1.Сен Ей Мухаммед (с.ғ.с)

2.Әділ имам

3.Кішпейіл бай адам

4.Шыншыл саудагер

5.Ғалым намаз оқып, тақуалық етуші

6.Насихат етуші мұсылман

7.Мейірімді мұсылман (сол себепті мұсылманға мейірімді болу қажет, Алла мейірімді адамды жақсы көреді)

8.Тәуба етуші және тәубасына берік болушы адам

9.Харамнан сақтанатын адам

10.Әр қашан дәретпен жүруші адам

11.Мінезі жақсы, көркем болған адам

12.Көп садақа беретін мұсылман

13.Адамдарға пайдасы тиетін мұсылман

14.Құранды жатқа біліп, оны қайталап тұрушы адам

15.Адамдар ұйқтап жатқанда түнде тұрып ғибадат етуші адам деп жауап береді.

 

Ібілістен   Пайғамбарымыз (с.ғ.с) менің үмметімнен қанша досың бар?-деп сұрайды.

- Менің достарымның қатарына 10 түрлі мына адамдар кіреді:

1.Жалған үкім беруші Хаким, үкім беруші басшы

2.Тәкаппар бай адам

3.Қиянат жасаушы, алдаушы саудагер

  1. Арақ ішуші

  2. Мақтаншақ адам

  3. Жетімнің малын жеуші адам

  4. Намазға немқұрайлы қараушы адам

  5. Зекетін бермейтін адам

  6. Зинақор адам

  7. «Алланы ұмытатын адам, намазды, оразаны, тәубаны сосын жасаймын әлі уақыт бар дегендей себеппен қалдырғандар. Осылар менің достарым әрі менің ізбасарларым!»-деп жауап береді.


Аса қамқор Алла  Тағала баршамызды шайтанның азғыруынан, оның достарынан болудан сақтасын! Бізді Алла  рахымы түскен, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) сүйген, жақсы көрген үмметтерінен қылуға нәсіп етсін. Амин!

Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің бас имамы: Нуров Н.Н.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары