Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Намазға немқұрайлы қараудың күнәсі қандай?
07 наурыз, 2015 жыл 45 Басып шығару нұсқасы

7f72d8e1076b0435ff6259d3004af089


«Құлшылық қылыңдар (парыз болған бес уақыт намаз) және зекет беріңдер…» (Құран) (Әл-Бақара сүресі, 43 аят)


Алла бәрін жаратқан. Және барлығын тегін жаратпаған. Адамдар Алласын ұмытып, ақиқат жолынан адаса бастағанда Ол Мұхаммед Пайғамбарды (с.ғ.с) жіберді. Пайғамбар мен оның үмбетіне бес уақыт намазды парыз етті. Мұхаммед Пайғамбарымыз(с.ғ.с) :  «Намаз – діннің тірегі»-дейді. Адам өзінің намазды неге оқымайтынына түрлі себеп-сылтау айтады. Кейбіреулер: «Мен ешкімге жамандық жасап жүргенім жоқ»-дейді. Бұл сарындағы сылтаулар өзін-өзі алдаудың кері ғана. Бұған бірнеше себеп бар.


Біріншіден: Алла Тағала адамдарды Өзіне құлшылық етсін деп қана жаратқан, Құранда: «Адамдар мен жындарды Өзіме құлшылық ету үшін ғана жараттым»-дейді.


Екіншіден: Іргетасы жоқ қабырға көпке шыдамайды емес пе? Пайғамбарымыз(с.ғ.с) : «Қиямент күнінде ең бірінші сұралатыны – намаз (парыз). Егер намаз оқылған болса адам қуанады, ал егер намазы толық болмаса ол қайғырады және зиянда болады»-деген. Егер әр мұсылман, әр адам терең ойланып қараса өздерінің әр жақсы істерін Алладан қорқып, Оның жазасынан қорқып, Оның мейріміне үміттеніп жасайды. Ал сол Алла Тағала бізге бес уақыт намаз оқып, Өзіне құлшылық етуді бұйырған. Пайғамбарымыз(с.ғ.с) : «Кімде-кім бес уақыт намазды оқымай немқұрайлы қалдырса Тәңрім оған ашуланады»-деген. Сондай-ақ Пайғамбарымыздың(с.ғ.с) мына сөзі әркімге ой салса керек: «Көпқұдайлықтан кейін, намаз оқымаудан асқан ауыр күнә жоқ».


Бір ауылда тақуа адам болған екен. Шайтан оны еш амалымен тура жолдан тайдыра алмапты. Бір күні жолаушы кейпінде тақуаға қонаққа келеді. Намаз уақыты кіргенде шайтан тақуаның назарын аудара беріпті. Сөйтіп күні бойы тақуа бірде-бір намазын оқымаған күйі ұйықтауға жатады. Осы уақытта жолаушы жылдам жиналып, кетуге ыңғайланады. Сол кезде тақуа: «Аяқ астынан қайда барасың?»-деп сұрайды. Сонда шайтан: «Аллаға бір рет құлақ аспағаным үшін Жұмақтан қуылдым, ал сен бір күнде Аллаға бес рет құлақ аспадың. Сенің басыңа түсер жазаның кесірі маған да тиіп кетіп жүрер»-деген екен. Міне шайттанның намазды оқымайтын адамнан қалай қашқанынан-ақ намазды оқымаудың күнәсін пайымдауға болар. Намаздың парыз екенін біле тұра өмір бойы намаз оқымаған адамның халі не болады екен?


Хаттабтың ұлы Умар пұтқа табынушылардың қылышпен ұрған қатты соққысынан кейін аздап есін жиған кезінде: «…намаз оқымағанның Исламнан алар үлесі жоқ…» -деген.


Имам Әз-Захаби былай дейді:


1. Егер адамның назарын намаздан оның мүлкі аударса, онда ол Қарунмен бірге тіріледі (мал-мүлкі басын айналдырып, тура жолдан тайған адам).


2. Егер адамның назарын намаздан билігі аударса, онда ол Перғауынмен бірге тіріледі (өзін Құдай деп жариялаған перғауын).


3. Егер адамның назарын жауапты жұмысы мен жоғары лауазымды қызметі аударса, онда ол Хаманмен бірге тіріледі (Перғаунның бағыныштысы, кірпіш күйдіретін жұмыскерлердің үстінен қараушы).


4. Егер адамның назарын намаздан сауда аударса, онда ол Убай ибн Хальфпен бірге тіріледі (саудагер және көпқұдайшылар көсемі) .


Намаз мұсылман мен мұсылман еместі ажырататын айқын белгі. Пайғамбарымыз(с.ғ.с) : «Біз (мұсылмандар) бен дінсіздердің арасындағы айырмашылық – бұл намаз. Кім намазды қалдырса – дінсіз болғаны» - дейді. Құлшылығын қалдырған адамның жүзі - нұрдан, жүрегі - шынайылықтан ажырайды. Адал еңбек, маңдай терімен тапқан табысы қайырлы болудан қалады. Адам намаздың міндеттілігін біле тұра орындамаған сәттен бастап шайтанға дос айналады.


Біздің Жаратушы Иеміз күнінен бес мезгіл бізге: «О менің құлым! Адамның ұлы, Менің сүйікті жаратылысым! Маған кел, Менің алдыма тұр, Маған құлшылық ет, өзіңнің қайғыларың мен ауыртпалықтарыңды Менімен бөліс, Менен сұра және Мен міндетті түрде жауап беремін»-дейді. Біз адамдар өзімізді жаратқан Алламен байланыста болудан қашатын қандай ақымақпыз десеңізші?!


Қарағанды облыстық орталық мешіті


Әмина Омарова


 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары