Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Тырнақты қалай алу керек?
10 наурыз, 2015 жыл 7141 Басып шығару нұсқасы

strizhka-nogtejТырнақты алу сүннет болып табылады. Әбу Хұрайра Алла елшісінің әр жұма сайын жұма намазына бармас бұрын тырнағы мен мұртын алып отырғанын жеткізген. Айша анамыз: «Кімде-кім жұма күні тырнағын алса ол сол күнгі жамандықтан аман болады»-дейді.


Фикх бойынша кітаптарда тырнақ астында алапес ауруының болуы мүмкін екені туралы айтылады, кімде-кім тырнағын алғаннан кейін денесінің бір жеріне тигізсе немесе денесін қасыса ауруға шалдығуы мүмкін. Сол себепті тырнақты алғанннан кейін қолды міндетті түрде жуу қажет.


Алынған тырнақ пен шашты ашық-шашық лақтыра салмай,  көміп тастау қажет. Имам Ахмадтан: «Адам тырнағы мен шашын алғаннан кейін лақтырсын ба әлде көміп тастасын ба?»-деп сұрайды. Ахмад: «Көміп тастасын»-дейді. Имамнан тағы да «Бұл туралы бұған дейін саған жеткені бар ма?-деп сұрайды. Сонда Имам: «Ибн Умар көміп тастайтын»-депті.


Тырнақ пен шашты көміп тастауды Мұхаммед Пайғамбардың өзі бұйырған


Хафиз ибн Хаджар «Фатху әл-Бари» кітабында: «Біздің ғұламалар көміп тастауды құптаған, себебі бұл адамның бөлшегі»-дейді.


Тырнақ пен шашты молада көміп тастау міндетті емес, өзіңізге ыңғайлы жерге көму қажет, ал тіпті болмаса қазіргі қалалық жағдайда көміп жүру қиын десеңіз орап тастау қажет.


Сүннет бойынша тырнақты қалай алу керек?


Сүннет бойынша тырнақ келесі тәртіппен алынады. Оң қолдың сұқ саусағынан бастап, шынашаққа дейін, содан кейін үлкен саусақтікін аламыз. Ал сол жақ қолда шынашақтан бастап үлкен саусақпен аяқтаймыз.


Ал аяқтың тырнақтарына келер болсақ, оң жақтың ең шеткі кішкентай бақайынан сол жақ аяқтың кішкентай бақайымен аяқтау қажет.


Қарағанды облыстық орталық мешіті


Әмина Омарова


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары