Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Уәде бересің бе?
18 наурыз, 2015 жыл 24 Басып шығару нұсқасы
1984732-300x199

 Уәдені орындау – адами қарым-қатынастың маңызды бір бөлігі болып табылады. Пайғамбармыз берген уәдені орындауға, сөзінде тұруға аса қатты мән берген. Уәдеде тұру Аллаға деген сеніммен тығыз байланысты. Алла елшісі: «Екіжүздіні үш белгісі ерекшелейді: сөйлегенде өтірік айтады, уәде берсе сөзінде тұрмайды, сенген адамды сатып кетеді»-деген. Алла елшісі өзі берген уәдені қашанда орындайтын болған, тіпті пұтқа табынушылардың өзіне берген уәдесін орындаған. Пайғамбарымыз өзінің пайғамбарлық жолы басталғанға дейін де уәдесін бұзбаған. Бірде Пайғамбарымыз бір адаммен кездесуге келіседі. Өзінің уәдісін бұзбау үшін әлгі адамды кездесуге келіскен жерін де, дәл сол уағдаласқан уақытта үш күн күткен екен...


Әрине, адам уәдесін орындай алмайтын жағдайлар да болады. Бірақ адамға деген құрметті ұмытпау қажет. Себебі адам сол уәдесін орындауға шынымен ниеттеніп, соны уайымдап соған қарай амал жасайтын болса ниеті де қабыл болмақ. Ал таза мүмкіндігі болмай қалғанда уәде берген адамнан кешірім сұрау, алдын ала ескертуге мүмкіндік болса ескерту қажет.


Пайғамбарымыз: «Мұсылмандар өздерінің уәделерін орындайды»-деген. Мұсылман берген уәдесін бұзбайды, себебі ол өзінің адамдар мен Алланың алдында жауапты екенін біледі.


Пайғамбарымыздың басынан мынадай бір оқиға өткен. Бірде Пайғамбарымыз ансарлардың бірінің үйінде отырғанда сол үйдегі әйел адам кішкентай баланы: «Бірдеңе беремін, бері кел» - деп шақырады. Алла елшісі одан: «Оған не бергің келіп еді»-деп сұрайды. Сонда әлгі әйел: «Құрма берейін деп едім»-дейді. Алла елшісі сол кезде: «Шынында, сен оған ештеңе бермегенде бұл әрекетің саған өтірік ретінде жазылар еді»-деген екен. Міне Алла елшісі тіпті баланың өзін беталды алдамауға, балаға берген уәдені орындауға шақырған. Баланы жастайынан осылай алдап өсірген соң, ол бала соны бойына сіңіріп, өскенде адамдарға оп-оңай өтірік айтып, өзі берген сөзіне аса мән бермейтін адам болып өсуі де бек мүмкін. Мұндай істі өзінің санасында қалыпты жағдай деп қабылдап алады.


Қоғамда бүгін орын алып жатқан құбылыстарға қарасақ, адамдар бойынан дәл осы қасиетті таба бермейміз. Себебі әр айтқан сөзіне, әр берген уәдесіне асқан жауапкершілікпен қарайтын адамдар аз. Болса оннан біреу ғана. Уағдаласқан кездесуге кешігіп келу, екі-үш күн бұрын көмектесуге уәде беріп, одан кейін есінен шығып кету деген оқиғалар өте көп.


Ғұламалар уәдені орындау – міндет, адамға зиян әкелетін болса келісімді бұзу -  харам дейді. Себебі сіздің уәдеңізге сенген адам қапысыз, қамсыз барлық жоспарын сіздің іс-әрекетіңізге қарай ыңғайлап қоюы мүмкін. Ал сіз немқұрайлы қарап, айтқан сөзіңізде тұрып, айтқан ісіңізді жасамасаңыз ол адамның бүкіл жоспары, жұмысы текке кетпек. Бұның өзі адамның имандылығы мен адамгершілігінің өлшемін көрсетеді. Себебі иманды, тақуа адам әлдекімге титтей зиян тигізбеуге тырысады, шамасы келмейтін нәрсеге уәде бермейді.


Уәдені орындау – Алладан. Уәдені орындамау – шайттаннан.


Қиямет күні шайтан: «Мен сізге уәде бердім, бірақ сөзімде тұрмадым»-дейді.


Алла Тағала: «Шынында Алла Өзінің уәдесін бұзбайды»-дейді.


Ендеше шамамыз келмейтін, орындай алмайтын нәрсеге уәде бермейік, ал уәде бере қалсақ Пайғамбардың сүннетін орындайтын, Алланың сүйген құлдарының қатарында болайық.


Қарағанды облыстық орталық мешіті

Әмина Омарова

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары