Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Ең үлкен ұры
29 наурыз, 2015 жыл 12 Басып шығару нұсқасы

1378801451_d0b3d180d0b0d0b1d0b8d182d0b5d0bbd18cАдам табиғаты жақсылыққа, сый-сияпатқа қатты әсерленгіш келеді. Барлық адамдар, кімнен жақсылық көрсе, соны жақсы көре бастайды.


Бір әулие кісінің үйіне ұры түседі. Ары іздейді, бері іздейді, бірақ ұрлайтын ештеңе таппайды. Ұры ештеңе таппағандықтан, қайғырып, не істерін білмей қарап тұрғанда, әулие кісі ұрының артынан келіп «Асықпа» деген екен. Ұры шошып кетеді. Әулие:


– Таңертең көршілер маған май, бал сияқты азық-түліктер әкеледі, Соларды бірге жейміз. Одан кейін ақша, алтын сияқты заттар әкеледі, олардың бәрін саған беремін... Бірақ бір шартым бар, таңға дейін менің айтқандарымды істейсің» дейді.


– Не істеуім керек?


– Дәрет ал, таңға дейін бірге намаз оқимыз.


– Мен намаз оқи алмаймын, ешқашан оқып көрмегенмін.


– Ештеңе етпейді, сен менің істегендерімді қайталайсың.


Осылайша таң атады. Таңертең көршілер таңғы асқа тағамдар әкеледі. Әулие кісі «Сөз бердім ғой, кел, бірге тамақтанайық» дейді де, бірге тамақтанады. Ұрының қарны тояды. Біраздан соң бір атты кісі келеді, атынан түспей алыстан «Атааа» деп шақырады да, бір дорба алтынды лақтырады, «Мынау сенікі» деп кетіп қалады. Ішінен тура 250 дана алтын шығады. Әулие кісі «Мә, ала ғой, бұл сенікі, саған сөз бердім ғой, ала бер» дейді. Ұры таң қалып, ойланып тұрып, былай дейді: «Ата, мен ұрымын, бірақ сіз менен асқан ұры екенсіз. Тіпті әлемде сізден асатын ұры жоқ. Сіз менің жүрегімді ұрладыңыз. Енді мен бұл жерден ешқайда кетпеймін. Сізге бұл жерде қызмет етемін» деген екен.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары