Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Ұстасыз жасалған қайық
30 наурыз, 2015 жыл 25 Басып шығару нұсқасы

1378121970522478f26d9a6


Имам Ағзам бір атеистпен айтысу үшін сағат онда кездесуге келіседі. Хазреті Имам әдейі ол жиынға кешігіп барады. Кешіккенінде атеист «қараңдар Имамдарың қорқып келмей жатыр» дейді. Келген кезінде не үшін кешіккенін сұрайды. Ол «қайық жоқ еді, өзеннен өте алмай тұрдым, бір қарағанымда, ағаштың бұтақтары өздігінен жиналып қайық болып тұра қалды, сол қайықпен өзеннен өтіп келдім, сондықтан кешіктім» дейді. Атеист күле бастайды «көрдіңдер ме қалай өтірік айтып тұр, ұстасы болмай өз-өзінен бір қайықтың жасалуы мүмкін бе?» дейді. Хазреті Имам дереу сөзін құптап: «Ей атеист, бір қайық та ұстасыз өздігінен жасалмайтын болғанда, мына үлкен әлем қалай өздігінен бар болады» деп атеистпен айтысты бастамай жатып-ақ жеңіп шыққан екен.


 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары