Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Ережеп - мейірімді Алла Тағаланың айы
18 сәуір, 2015 жыл 16 Басып шығару нұсқасы
 

moonМұсылман күнтізбесіндегі 12 айдың барлығында өзіндік ерекшелік пен қастиеі бар  екені анық. Соның ішіндегі «Режеп», «Шағбан», «Рамазан» айлары да Ислам үшін орны ерек. Мұсылманға мүбәрак болған «Шағбан» айының келуіне де жақын күндер қалды. Айтулы айдың діни ерекшеліктері жайында көптеген деректер бар.  Айталық, бойымыздағы кейбір сырқаттан сауығу үшін дәрігерге қаралып, құлан-таза айығып кетуді қаншалықты қаласақ, жан дүниемізге селкеу түсіріп, рухымызды күйзелткен, көңілімізге кірбің келтірген күнәларымызды да жуып-шаю үшін де соншалықты өкініш білдіруіміз керек емес пе?
Бұл қасиетті күндер мен түндерде адам ешбір дәнекерсіз өз жан-дүниесімен Ұлы Жаратушыға жалбарынып, Алланы еске алып, тәубе-истиғфар етіп күнәлармен бірге келмеске кеткен ішкі ізгі-сезімдеріне қайта ие болуға күш салады. Осылайша, қасиетті күндер мен түндерде жасаған құлшылығымыз бір күні алдымыздан мол қазына болып шығады.


Ережеп мағфирет айы адамдардың күнәсі кешірілетін ай сол себепті Алла Тағаланың айы. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) : «Жәбірайіл ғ.с. маған уахи келтріп айтты, «Мұхаммед (с.ғ.с.) сенің үмбетіңнен болған бес түрлі  кісінің жан тапсырар уақыты келсе, Алла Тағала әмір етер, бұл менің сүйікті құлдарымның жанын қинамаңдар. Жәннаттығы қай есігінен кірем десе, кірсін деп әмір етер. Жәннат періштелері бұл кісілерге құрмет көрсетіп, мархаба деп тұрар және рухтары әнбия әулиелермен бір болар.»-дейді.  Бұл хадисты естігенде Хазрет Омар орнынан тұрып: «Я Расулалла, бұл бес түрлі адамдар кімдер?»-деп сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Әй Омар бұл бес түрлі адамның өздері істеп жүрген тағат ғиадттары бар. Оны істеген адамдар сол қауымнан болады. 1. Ережеп айы келгенде күнәларына кешірім тілеп, нәпіл ораза ұстап құлшылық етуші адам 2. Алла жолында отан үшін, дін үшін деп өлген шахид. 3. Жұма намазын қалдырмаушылар 4. Насихатшы ғалымдар. 5. Алланың дидарына ғашық болған тақуалар.»-деп жауап қайырған екен. Бұл үш қасиетті айды қадірлеп, бұл айда нәпіл ораза ұстаудың сауабы үлкен. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадистерінде: «Әр бір мұсылман  ең болмаса ережеп айында бір күн ораза ұстаса, нәпіл намаздар оқыса, бұл айда дүниеден өтсе, Алла Тағала ол адамның амал кітабына бір жылғы құлшылықтың сауабын жазады»-делінген.


 Бұл  Ережеп айында екі қасиетті кеш бар  бірі - рағайып кеші, екіншісі - меғраж кеші. Бұл кештердің қасиеті мен ерекшелігі жайында келесі мақаламызда жариялайтын боламыз. Алла Тағала  баршаларымызға осы үш қасиетті айларды берекелі етсін. Жасайтын құлшылық, оразаларымызды қабыл етсін.


Теміртау қалалық мешітінің бас имамы Қанат Анасұлы


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары