Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Азанның қасиеті
21 сәуір, 2015 жыл 29 Басып шығару нұсқасы

Азанның қасиетіБір хабарда Пайғамбар (ғ.с) - ға бір кісі келіп:
Иа, Алла елшісі, маған бір іс үйретіңіз, мен сол істің сауабы мен жәннатқа кірсем деймін, - деді. Сонда Алла елшісі (ғ.с.):
Онда сен ауылыңа азаншы бол,- деп айтты. Ол кісі:
Бұл іс қолымнан келмейді ғой,- деді. Сонда Алла елшісі:
Онда имам бол,- деп айтты.
Ол да қолымнан келмейді,- деді.
Онда намазда имамның артында тұр,- деді.


Тағы бір хабарда Пайғамбарымыз (ғ.с.): «Азаншы азан шақырғанда дауысы қанша жерге жетсе, сол жердегі жанды-жансыз мақұлықтар истиғфар айтып тұрады. Қиямет қайым болса азаншының дәрежесі жоғары болады. Алла үшін азан айтса оған тозақ арам болады.» деген.
Тағы бір хабарда Пайғамбар (ғ.с.): «Қиямет күні азаншылар пыраққа мініп жүреді, оны көрген ел: ой бұл қайсы пайғамбар, не қайсы шаһиттер,- деп бір-бірінен сұрайды. Сонда Алла Тағала сол елге хабар береді: «Олар пайғамбарлар емес, шаһиттер де емес, жалған дүниеде азан айтқан пенделер».
Қиямет күні ең бірінші пайғамбарларды киіндіреді, одан кейін ғалымдарды киіндіреді, Одан кейін азаншыларды киіндіреді. Кімде-кім азан айтса ол жерден шайтан қашады» деген.


Пайғамбар ғ.с.: «Азан мен қаматтың арасында бір дұға оқыса, шексіз қабыл болады» деген.


Азреті Билал риуаят еткен бір хадисте: «Мен Пайғамбар (ғ.с.)-нан естідім, азаншыда он түрлі қасиет болмаса, азаншылықтың сауабын таппайды:
1 уақытты білу керек;
2 азанға ерінбеу керек;
3 азанның сауабын Алладан сұра, елге міндетсінбеу;
4 халыққа шариғат айту;
5 азаншы жоқ кезде орынына азан айтса оны жек көрмеу керек;
6 мешіттен хабар алып тұруы керек, мешітті таза ұстауы керек;
7 азанды таза айту керек;
8 имамға қарау, азаннан кейін тез намаз оқымауы керек;
9 мешітке мейман келсе шын ықыласпен күтуі, өзінде жоқ болса елге хабар беруі керек;
10 азанды созып айту, қысқа айтпау;


Және бір хадисте «Азанды азаншы ашық айтсын. [хайия алас соләһ] дегенде естіген адам [уалә хаулә уәлә қууәтә илләә билләһил алийюл азим] десін. Азаншы [Хайия алал фалах] дегенде естіген адам [Мәшә Аллоһу кәнә уәмә ләмиашаь ләм якун] десін. Сонда Алла Тағала азан айтқан азаншыға қанша сауап берсе, азанды естіген адамға да сонша сауап береді» делінген.


Харун Рашид халифаның әйелі Зубайда бір күні өзінің жыршы-бишілерінің өнерін тыңдап отырғанда азан дауысы естіледі. Зубайда бәрін тоқтатып тастап азанды тыңдайды. Кейін өлгеннен соң бір жақсы адамның түсіне кіреді. Ол кісі: «Зубайда, Алла Тағала сізге не істеді?» - деп сұрады. Сонда Зубайда айтты: «Мен Меккенің жолына көп құдық қаздырған едім, олардан маған түк пайда болған жоқ. Бәрі біреулердің ақысы екен. Бір күні отырғанымда азан дауысын естідім. Мен ойыншыларды тоқтатып азанды тыңдадым. Азан біткеннен кейін өз ісіммен болдым. Алла Тағала соның сауабын маған ұйғарған екен. Азаншыдан азанды естіген адамның мәртебесі де жоғары болады екен», -деді. Азанды естіген адамға осындай үлкен сауап берсе, ал айтқан адамға қанша сауап берілетіні бір Аллаға ғана аян.


Бір күні анамыз Айша р.а.: «Мен түсімде қиямет күнін көрдім. Сол жерге алып келіп бір әйелдің амалын өлшеді. Ол әйелдің сауабы Ұхыд тауынан ауыр болды. Мен әйелден «Атың кім» деп сұрадым. Ол әйел: «Менің атым – Захира»- деді. Мен ұйқыдан оянып кеттім. Көп кешікпей қажылыққа тауапқа бардық. Сол жерде мен «Бұл жерде Захира деген әйел бар ма» деп жар салдым. Жаршылар Захираны тауып маған алып келді. Мен Захираға «Сіз не амал қыласыз, сіз жөнінде мен түс көрдім» дедім. Ол әйел:
1) ешқашан шашымды еркектерге көрсеткен жоқпын;
2) күйеуімнің рұқсатынсыз еш бір іс жасаған жоқпын;
3) азан айтқанда еш нәрсе қылған жоқпын,- деді.
Азаншы азан айтып болғаннан кейін ғана намаз оқимын. Қолымда барымды жоқ деп айтқан емеспін, сұрағанға әр қашан беріп тұрдым. Аз көп дегенім жоқ, міне менің ісім» деді. Сонда Айша р.а: «Әрқашан сол ісіңнен айырылма» деді.
Пайғамбар ғ.с.: «Әр пенде Алла Тағаланың әмірін бұлжытпай орындаса оған жәннат уажіп, тозақ арам болады» деген.
Демек, азан шақырған адамға да, естіген адамға да Алла Тағаланың беретін сауабы шексіз екен. Алла Тағаланың разылығын табайық, ағайын!


Арабшадан аударған: «Балқаш теміржолшылары» мешітінің Бас имамы Әлімқұл Медет қажы Құралұлы

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары