Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Кешірім сұрау - кеш емес
21 сәуір, 2015 жыл 46 Басып шығару нұсқасы

Ramazan-Ayında-Okunacak-Dualar       Аса қамқор, ерекше мейірімді Алла Тағаланың атымен бастаймын.


 Қазіргі таңда «Мешітке үлкендерімізге қарағанда кейінгі буын жастар жиі келеді. Қазыналы қарттарымыз бен орта жастағы ағаларымыз қайда? Неліктен бұл санаттағы кісілерді мешіттерден сирек кездестіреміз?»-деген  пікірлердің айтылып жүргенінен хабарымыз бар. Осы сынды тақырыптардың түйінін тарқатып көрелік. Кейбір жандардың ислам әлемін түсінбеуі немесе мешітке келуге ниетінің жоқтығы келмеске кеткен кеңестік заманның әсерінен  болар. Алайда, мұндай жағдайда жүрген бауырларымыз дініне кеш оралып, өткеніне өтіне кешірім сұраса мейрімі шексіз Алла Тағала кешіретінін бұл кісілер біледі ме екен?! Бұл жайында Пайғамбарымыз (с.а.с): "Кешірім есігінің үлкендігі жетпіс мың қашықтықта, ол есік еш жабылмайды, тек киямет күні жабылады"-деген. Ал, Пайғамбарымыздың(с.ғ.с) заманында мынадай бір оқиға орын алады. Бірде Пайғамбарымыздың (с.а.с) алдына Омар (р.а) жылап кіріп келеді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Омарды(р.а) көріп, көзіне алған жасының себебін сұрайды. Сонда Омар (р.а):


– Есік алдында жылап тұрған жас жігіт мені жылатты.


– Ей, Омар, оны кіргіз.


Жас жігітте жылап кіреді.


– Ей, жас жігіт, сені не жылатты?


– Ия Алланың елшісі. Жылағанымның өзіндік себебі бар. Үлкен күнә істегенмін. Сол үшін АллаТағаланың ашуынан қорқамын.


– Ей, жас жігіт, Аллаға серік қосып қойдың ба?


– Жоқ.


– Әлде жазықсыз адамды өлтіріп қойдың ба?


– Жоқ.


– Сен істеген күнә, жеті қабат аспан, жеті қабат жер мен үлкен таудан да үлкен бе?


– Иә Алланың елшісі, жеті қабат аспан , жеті қабат жер мен таудан да үлкен.


– Алланың кешірімінен де үлкен бе?


– Бәлкім солай да болар. Алланың кешірімі үлкен, Алла қандай үлкен күнә болсын кешіреді.


– Маған қандай күнә істегенінді айт.


– Істеген күнәма қатты өкінемін және ұяламын. Ия Алланың елшісі, мен қабір тонайтын ұрлықшы едім. Ол іспен жеті жыл айналыстым. Содан бір күні, Аңсарлардан бір қыз қайтыс болды. Өлікті жерлегеннен кейін, мен ол қабірді аштым. Кебінінен ажыратып алып шықтым. Маған кенет бір жаман ой түсіп, қайта жанына барып, жыныстық қатынасқа түстім. Сол уақытта ғайыптан бір дауыс естілді. Ол дауыс жанымдағы өліктің дауысы екен. Маған: " Ей, жас жігіт, мына маңайымдағы адамдардың қасында жалаңаш тастап кеттің, саған тозақ болсын! Қиямет күні Алла қиянат көрген адамнан хақысын алып береді" – деді.


Осыны естіген Алланың елшісі орнынан  тұрып, күнәһар жігіттің иығынан итеріп:


– Ей, күнәһар, бар кет, сен тозаққа лайықтысың, – дейді.


Жас жігіт амалы тауысылып, Алладан кешірім сұрап жалбарынған күйі сыртқа шығып кетеді. Жігіт өткеніне қатты өкініш білдіріп, қырық түн Алладан кешірім сұрап  жалбарынады. Қырық күн өткеннен кейін жігіт:


– Ия Алла, сен мені кешір, кешірсең Мұхаммедке (с.а.с) немесе оның сахабаларына білдір немесе аспаннан от жіберіп мені жоқ қыла гөр. Қиямет күні мені сақта! – дейді жас жігіт.


Пайғамбарымызға (с.а.с) Жәбірейіл (ғ.с) келіп:


– Алла Тағала сенен сұрап жатыр.  Жаратылған нәрселерді сен жараттың ба?


– Бәлки Алла мені және барлығын жаратты.


– Ризықты беруші сен бе?


– Бәлки Алла маған және басқаларға беруші.


– Кешірімді беруші сен бе?


– Бәлки Алла менің және басқалардың кешірімін қабыл алушы.


– Жас жігітті Алла Тағала кешті, сен де кеш.


Пайғамбар (с.а.с) ол жігітті шақырып: "Алланың  ол жігітті кешіргені жайында  сүйіншілейді."


Міне, Алланың осы аятына, Пайғамбарымыздың (с.а.с) сөзіне, осы оқиға мағынасына тереңінен зер салсақ, Алла Тағаланың шексіз  мейірімділігін көре аламыз. Ал, кішілі-үлкенді күнә жасаған адамдарымыз осыны ескерсе екен.


Асылхан Түсіпбеков


Балқаш қалалық мешітінің бас имамы


 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары