Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Жалған үміт
28 сәуір, 2015 жыл 26 Басып шығару нұсқасы

      photo32Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Мен сендер үшін екі себепке бола қатты қорқамын: таусылмайтын үміт және қалауына ерік беру, таусылмайтын армандар Соңғы өмірді ұмыттырады, ал қалауына ерік беру шындықтан алыстатады" -деген.


         Біз үнемі "Жарайды, ертең аяқтаймын, мұнда тұрған ештеңе жоқ, кейін жасаймын ғой.. Ертеңгі күн бар"-деп күнде ұйықтауға жатамыз немесе қыдырамыз, теледидар тамашалаймыз. Бір сөзбен айтқанда жалқаулық жар бермейді. Құдды бір  ертеңгі күнді көретінімізді анық білетіндей тірлік жасаймыз. Осылай намазын, құлшылығын күнде ертеңге қалдырып қаншама адам өтті өмірден. Қаншама адам бірде-бір рет ораза тұта алмай кетті. Қаншама адам кәрілігіне үміт етіп, сол күн туғанда намаз оқымақ болып жүр? Бірақ өкінішке қарай оның бәрі ертеңгі күнге жетіп жатқан жоқ, жетсе де тәубесіне түсіп, иманы күшейіп, құлшылыққа ден қойып жатқандары аз.


         Бүгін жасауға мүмкіндік бола тұра көп ісімізді кейінге қалдырамыз. Осы жасап жүрген істеріміздің бұрыстығын кейде түсінеміз де, көңіліміз көтерілгенде қайта ұмытып, бұрынғы тірлікке көшеміз. Күнәларымызды да солай ұмытамыз. Намаз, құлшылық, Құдайымызды ойламаймыз да. Неге? Алла Тағала: «О Адамның ұлы! Өзіңді Маған құлшылыққа арна, мен сенің жүрегіңді байлыққа толтырамын, еншіңді қайырлы етемін және жүргіңді нұрландырамын»-деді емес пе?


         Біз күні ертең жақсы өмір сүру үшін бүгін зорыққанша жұмыс істейміз. Бірақ бұл ісіміздің мәнісіне терең бармаймыз. Қоғамның байларының қатарында болғымыз келеді. Бірақ құлшылықсыз, шүкірсіз, имансыз сол есіл еңбектің де аз болатынын сеземіз бе? Шынайы тыныштық, қайыр мен жақсылық табу үшін еңбекқорлыққа қоса Құдайдан қорқу қасиеті қажет.


         Дәл осындай өз-өзімізді алдап жүрген істеріміз жөнінде Әбу Дарда Хумус тұрғындарымен кездескенде: «Қалай сендер ұялмайсыңдар?!  Жоқтарыңды бар қылып өмір сүресіңдер, ғұмырың жетпейтін күнге үміт етесіңдер және жемейтіндеріңді жинайсыңдар. Шынында сендерге дейін өмір сүргендер зәулім үйлер салған, бітпейтін үміт пен арманға берілген. Бірақ олардың үйлері молаға, үміттері - тәкаппарлыққа айналды, қоғамға қайғы тап болды» - деген.


         Біздің қаншама  ертең жасаймын дейтін "ертеңіміз"  енді келмес "өткенге" айналып кетті десеңізші? Неге? Себебі біз "Жалқаулық", "Нәпсі" аталатын ауруларды, жауларымызды жеңе алмаймыз.


         Біз бүгін күнә жасап алып, "Ертеңнен бастап жақсы жаққа өзгерем", "Ертең шындап дұға қылам, жақсылап тәубеме келемін", "Ертеңнен бастап Аллаға шүкірлік етемін" деп қанша рет өз-өзімізді алдадық? Және сол "ертеңдеріміздің" қаншасы тағы да құр әуремен өтіп кетті? Білмейміз... Өкініштісі сол, осы "ертеңдеріміздің" әр күні түрлі күнә жасаумен өтіп кетеді.


         Ал Алла Тағала: "Сендер құлшылықты қанша рет кейінге қалдырдыңдар,ал кейін сендерге артық уақыт берілмейді... Сендердің ажалдан құтылар шамаларың бар ма? Әлде Тозақта ақталатын себептерің бар ма? Әлде Жұмаққа кіретіндеріңе сенімдісіңдер ме?"-демей ме? Біз бұл сұрақтардың ешбіріне жауап бере алмаймыз әрине.


         Сондай-ақ Алла Тағала: "Бес нәрсенің: Кәрілік келгенше жастығыңның, ауырғанға дейін денсаулығыңның, кедейшіліктен бұрынғы байлығыңның, бос уақытыңның және ажалдан бұрынғы өміріңнің қадірін біліңдер"-деген жоқ па? Онда біз неге осы алтын уақытымызды жоғалтып жатырмыз?


         Алла Тағала: «О Адамның ұлы! Сен әр күн сайын өз өміріңді құртатын істер жасаудасың (жаман). Анаңның құрсағынан шыққан күннен бастап, сен әр күн сайын молаңа жақындайсың»-дейді.  Біз неге осы өмір мен моланы ұмытамыз?


         Таңертең тұра салып кешкіге, кеш болғанда ертеңгі таңға жоспар құрумен-ақ күндеріміздің қалай өтіп жатқанын байқамаймыз. Пайғамбарымыз: «Бұл қауымның алғашқыларының тақуалығы – олардың тақуалығында және сенімінде, ал соңғыларының ажалы – сараңдық пен бітпейтін үмітте»-дейді. Міне біздің күн сайын жасап жүрген ісіміздің терістігін айқындайтын дәлел.



Қарағанды облыстық орталық мешіті


Әмина Омарова

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары