Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Арқан жіптің есебі
30 сәуір, 2015 жыл 308 Басып шығару нұсқасы

Бір бай адам өлімнен және қабірдегі жалғыздықтан қатты қорқады екен. Сондықтан өлер алдында ” Мен өлген күні кім менімен қабірге бірге кіріп түнеп шықса, мал мүлкімнің қақ жартысын алсын”,- деп өсиет қалдырыпты. Күні жетіп бай өлгенде
-өлікпен қабірге кім кіріп түнейді?- деп сұрастырыпты жұрт. Байдың мал мүлкінің жартысы берілетінін білсе де, қабірге кіретін кісі табылмапты. Ақырында бір жарлы:
- Осы дүниеде арқан жіптен басқа ештеңем жоқ, нем кетеді, бір түнеп шықсам бай болармын, – деп келіседі. Жарлыны өлген баймен бірге жерлепті. Қабірге кірген бетте сауал періштелері келіп жетеді. Қараса өлікпен бірге тірі кісі жатыр.
-Мына өлік әйтеуір қолымызда ғой, ешқайда кетпес, біз алдымен мына тіріге сауал қойып көрейік, – деп келісіпті. Сонан, әлгі жарлыға:
-Қолыңдағы арқан кімдікі? Қайдан алдың? Неге алдың? Қандай жұмыста қолдандың? ,- деп сұрақты қарша боратып, таң атқанша тергепті бейшараны. Таң атысымен жарлы қабірден шығыпты.
-Ал, жарайсың, өсиет бойынша байдың мал мүлкінің жартысы сенікі, ала ғой,- депті жұрт. Сөйтсе әлгі жігіт:
-Жоқ, рахмет, малы да мүлкі де құрысын, алмаймын, таң атқанша бір арқан жіптің есебін бере алмадым, осыншама байлықтың есебін қалай бермекпін? – деген екен.


 


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары