Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Құранда аталған жемістер
06 мамыр, 2015 жыл 877 Басып шығару нұсқасы
 

Заманауи медицина Құранда аталған барлық жемістің адам ағзасына асқан пайдасы бар екенін, сондай-ақ көптеген аурулардың алдын алып, емдеуге әсер ететінін дәлелдеді. Жеміс-жидектер жер анадан қорек алған ағаштарда өседі, солайша табиғаттан пайдалы, шипалы қасиеттерді сіңіреді. Мұның бәрі әрине Алла Тағаланың құдыреті!

 

Уды шығаратын шие


 

«Шоқтарымен салбыраған шие бұтақтары» («әл-Уакиа сүресі, 56:28). Шие ағзаны шлактар мен удан тазалайды. Бүйрек қызметін жақсартады, ізінше ағзада жиналып қалған тұздарды шығарады. Осылайша ревматизм, остеохондроз сынды аурулардың алдын алады. Одан бөлек оның құрамындағы қышқыл бүйректерде тас пен құм жиналуын болдырмайды. Егер ағзада құм мен тас бар болса оларды табиғи жолмен ыдыратуға септеседі. Қандағы зиянды заттарды шығарып, тазалайды.


104

 

 

 

Банан - жұмақ жемісі


Құранда айтылғандай жемістер Жұмақта да болады. Алла Тағала Жұмақ суретін сипаттайтын аяттардың бірінде банан аталады: «Банан ағашы бұтақтарының берекелі жемістері қатар-қатар» («әл-Уакиа» үресі, 56:29). Бананның 75% судан,  1.3% ақуыздан және 0.6% майдан тұрады. Қалған бөлігін көмірсулар мен калий құрайды. Банан көп емге шипалы. Әсіресе температура, ас қорытудың бұзылуы, бұлшық ет тінінің атрофийі кезінде көмектеседі. Калий мөлшері көп болғандықтан  банандар ағзадан зиянды ас қорыту қалдықтары шығаруды жылдамдатады. Қан қысымын төмендетіп, аллергияны емдеу кезінде қолданылады. Банан құрамында В6 дәруменінің жоғары дозасы бар. Бұл дәруменнің жетіспеушілігі шаршауға жүйкенің сыр беруіне, ұйқысыздыққа, қан аздыққа алып келеді екен.


 

 

 

105

 

Жүзім – дәрумендер қоймасы


            «..Біз солай сендерге құрма ағаштары мен жүзімдерді өсірдік, оларда сендерге берекелі жеміс бар, сендер содан жейсіңдер» («әл Му’минун» сүресі, 23:19). Жүзім құрамының 20-25% глюкозадан тұрады, ол қанды айналымын жақсартып, физикалық және моральдық салмақтарда көмектеседі, адамның шаршауын басады. Глюкоза мен темір көп болғандықтан қан азаюының алдын алады. Сондай-ақ ас қорыту, бүйрек және бауыр функцияларының бұзылуы кезінде жақсы әсер ететін табиғи компоненттерге бай. Зерттеулер жүзімдегі химиялық қоспалардың онкологиялық аурулардың пайда болуын төмендететінін дәлелдеді.


106


 

Інжір – минералдарға бай


«Інжір және зәйтүн ағашымен ант етемін» («Ат Тин» сүресі, 95:1). Інжір құрамында фосфор, кальций, темір, калий, магний, сондай-ақ А, В1, В2, В3,В6 және С дәрмендерінің бай қоспасы бар Осы минералдар мен дәрумендер, сондай-ақ глюкозаның арқасында інжір адамның қуат күшін жылдам қалпына келтіреді. Сондай-ақ бұлшық ет және жүйке жүйесінің жұмысына жақсы әсер етеді. Інжірде басқа жемістерге қарағанда минералдар қоры өте бай. Ол қандағы холестерин деңгейін төмендетеді.


??????????


Қарағанды облыстық орталық мешіті

Әмина Омарова

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары