Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Жарақаты таңылғандар үшін дәрет алу ережесі
11 мамыр, 2015 жыл 2257 Басып шығару нұсқасы

 povyzka_bЕгер адам жарақат алып, я аяғы не қолы сынып гипстеп тастаса, немесе таңып қойса осындай жағдайда қалай дәрет алу керек, қалай намаз оқу керек деген сұрақ туындайды.


Джабир ибн ‘Абдулла: «Бірде біздің сапарымыз кезінде бір адам тасқа соғылып, басын жарып алды. Әлгі адам серіктерінен: «Мен құммен дәрет ала аламын ба (тәйәммүм)?»-деп сұрады. Серіктері: “Сен сумен жуына алатындықтын саған ерекше қажеттілік көріп тұрған жоқпыз»-деп жауап берді. Ол жуынып, қайтыс болды. Ал біз Алла елшісіне келгенде бұл туралы айтып бердік. Сонда Алла елшісі:  «Олар оны өлтірді, Алла жазасын берер! Білмегендерін сұрауларына болмады ма? Шынынды білмеушіліктің емі сұрау емес пе?!  Оған жарасын таңып, тәйәммүм алып, таңылған жерін сүртіп, содан кейін қалған денесін жуса жеткілікті болар еді»-деді.


Исламда адам өмірінің ұсақ-түйегіне дейін қарастырылған. Себебі өмір болған соң адам баласы түрлі жағдайларға тап болып тұрады. Мұндай жағдайларда жарақатты таңуға рұқсат етіледі. Бірақ жарақатқа қоса дененің сау бөлігі әлгі таңғышты не гипсті бекіту үшін ғана таңылуы керек және неғұрлым сау дененің аз бөлігін қамтығаны жөн. Таңылған дәкені не гипсты алу кімге қауіпті болса, сол адам таңылған жерін қолын сулап сүртеді, содан кейін тәйәммүм жасайды. Мысал үшін әлдекімнің оң аяғы таңылған болса ол алдымен бетін, қолын жуып, басып сүртеді. Содан кейін оң аяғының сау жерлерін. Содан кейін сулы қолымен таңғышының үстінен сүртеді, содан кейін сол аяғын жуып, тәйәммүм жасайды. Бұл тәйәммүм ауыратын жерді жууды алмастырады, ал сүрту дененің таңғышпен бөлінген сау бөлігін жууды алмастырады.


Егер адамның тәйәммүм кезінде сүртілмейтін жерлері таңылған болса және осы уақытта адам дәрет алған болса (тахара), оған намазды қайтару қажет емес. Егер намаз осы жағдайда дәрет алынбай оқылса намазды қайталау қажет. Дұрысы адамның тәйәммүм кезінде сүртілетін жерлері таңылған кез-келген жағдайда намазды өтеу қажет.


Ескерту! Келесі жағдайларда намазды өтеу қажет емес:





  • су сирек кездесетін жерде тәйәммүм жасаған кезде;





  • су тек ішуге ғана жететіндіктен тәйәммүм жасаған кезде;





  • егер суды ақшаға сатып алу мүмкіндігі болса, бірақ оны сатып алуға қаражат болмаса;





  • егер су әдеттегі бағасынан қымбат сатылса;





  • суды дұшпандар жауып тастаса немесе қандайда бір қауіп болса;





  • суды пайдалану денсаулыққа кері әсерін тигізсе, ауруды асқындарытын болса.



Қарағанды облыстық орталық мешіті


Әмина Омарова


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары