Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Бараат түні
28 мамыр, 2015 жыл 128 Басып шығару нұсқасы

Пайғамбарымыз(с.ғ.с) айтты: «Кімде – кім маған салауат айтуды тастаса жұмақтың жолынан адасады»(Хадис). «Ха мим» сөзінде ғұламар ішінде пікір талас көп, әуелгі пікір – құран кәрімнің аты, 2- ші пікір Алла тағаланың есімдерінің бірі, 3-ші пікір осы екі әріппен ант ішіп тұр. 4 - ші пікір Алла тағала болашақта болатын нәрселердің тағдырын жазып қойды. «Ха мимнің» негізгі мағынасын Құдай ғана біледі. «Әлькитәбульмубиннің» Кітап сөзінің мағынасы – Құран, «Мубиінмен» мақсат – Құран шындықпен жалғанның арасын ажыратады. «Инна» – шындығында біз «Әнзәлнәһу» – түсірдік оны яғни, Құранды «фи ләйләтин мубәрокатин» – берекелі түнде. Ғұламалардың көпшілігі осы «Бараат» түні деген.


«Иннә» – шындығында біз «Куннә» мунзирин – ескертушілерденбіз. Осы аяттағы «Бараат» түні маусым айының 01-нен 02-не қараған түнінде де болады.  «Фиһа юфроқу күллү әмрин хаким» - Осы түні келесі шағбан айының 15 дейінгі болатын істердің барлығы белгіленіп жазылады. Осы түн «бараат» деп аталынды, себебі Алла тағала осы түнде дұшпандарына тозақты беріп, ал достарына жұмақты береді. Осы түнде адамдардың бір жылдық ырзығы белгіленеді. Пайғамбарымыздан(с.ғ.с.) Али (р.ғ.) жеткізді: Шағбан айының ортасы келгенде күндізін оразамен түнін құлшылықпен өткізсін, себебі Алла тағала сол күні күн батқаннан таң атқанға шейін Алла тағала рахмат қанатын жайып, былай дейді – сұраушының – сұрағанын, тәуба қылғанның – тәубасын, ырзық тілеушінің – ырзығын кеңейтемін. Абдулла ибн Масғудтан жеткен хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Кімде – кім осы түні 100 бас намаз оқыса әрбір басында фатиха сүресінен кейін 5 рет ыхылас сүресін оқыса, Алла тағала әрбір адамға 500000 мың нұрдан жаралған дәптері бар періштелер түсіреді. Періштелер осы оқылған намаздың сауабын қиямет күніне жазып отырады. Тағы бір Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадисінде: «Мені пайғамбар қылып жіберген Раббымның атымен ант етемін кімде-кім осы түні маған салауат айтса, оған пайғамбарлардың, періштелердің, адамзаттың сауабы беріледі». Әбу Насырдың риуаятында: Шағбанның 13-түні Пайғамбарымызға (с.ғ.с ) Жәбрәйіл періште келіп: «Тұр тәһәжжуд уақыты болды, үмметіңді сұра», – деп, айтты. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтқанын істейді. Жәбірейіл (ғ.с.) таңның уақытында келіп, Пайғамбарымызға (с.ғ.с): «Үмметіңнің үштен бір бөлігі саған сыйлыққа берілді, яғни тозақ отынан құтылды»,-деді. Сол кезде Пайғамбарымыз (с.ғ.с) көзіне жас алып: «Қалғанының халі не болмақ?» – деді. Жәбрәйіл періште білмеймін деп жауап қатты. Келесі түні осы жағдай қайталанады, таңға жақын Жәбрәйіл (ғ.с.) Пайғамбарымызға ( с.ғ.с ) келіп: «Үмметіңнің 2/3 – сі саған сыйға берілді»,- деді. Сол кезде Пайғамбарымыз (с.ғ.с) көзіне жас алып: «Қалғанының хәлі не болмақ?»- деді, Жәбрәйіл періште: «Білмеймін»,- деп жауап берді. Үшінші күні Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бен Жәбрәйілдің (ғ.с.) арасындағы уақиға қайталанады. Таң намазының уақытында Жәбрәйіл (ғ.с): «Сенің үмметіңнің барлығы тозақ отынан азат етілді»,- деп сүйіншілейді. Содан кейін Жәбрәйіл (ғ.с.): «Ей Мухаммед (с.ғ.с) аспанға қара»,-деді. Пайғамбарымыз(с.ғ.с) аспанға қараса, күллі аспан есіктері ашылып, аршыға дейінгі бүкіл періштелер Пайғамбардың (с.ғ.с) үмметінің күнәларын кешіруін тілеп сәждеде жатыр екен: «Бірінші аспанның есігіндегі періште осы түні рукуғ қылған адамға, екінші аспандағы періште осы түні сәжде қылған адамға, үшінші аспандағы періште осы түнде зікір айтқан адамға, төртінші аспандағы періште осы түнде тілек тілеген адамға, бесінші аспандағы періште осы түнде Құдайдан қорқып жылаған адамға, алтыншы аспандағы періште осы түнде жақсылық істеген адамға, жетінші аспандағы періште осы түнде құран оқыған адамға сүйінші»,-деді. Сол періште қайтадан: «Кімнің қандай қажеті бар сұрасын беріледі»,-деп дауыстайды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) тағы бір хадисінде: «Осы түнде менің үмметім үшін таң атқанша рахмет есіктері ашық, бұл түнде таң атқанша Калб руының қойының түгі қанша болса, сонша адам тозақ отынан азат етіледі». Айша (р.а) анамыз: «Пайғамбар (с.ғ.с) менің үйімде болатын, түнде оянсам жанымда жоқ екен. Басқа әйелдеріне кетіп қалған екен деп қызғанып іздей бастадым. Таба алмаған соң Фатима (р.а) үйіне бардым, ол үйде де болмаған соң бәріміз іздей бастадық. Сол кезде Али (р.а): «Біз Пайғамбар (с.ғ.с) тек қана «жәннәтул бақи»-дан ғана табамыз»,-деп сол жаққа қарай жүрдік. Жәннәтул бақиға келсек Пайғамбарымыз (с.ғ.с) сәждеде жылап жатыр екен. Фатима анамыз (р.а) барып Пайғамбарымызды (с.ғ.с) көтеріп: «Я әкешім, көзімнің қарашығы, сізге не болды, уахи келді ме, әлде жау шапты ма?»-деп сұрағанда, Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Жоқ, бүгін бараат түні! Алла тағаладан дұға-тілек тілеп жатырмы, сендерде маған қосылыңдар. Сол түнді бүкіл Медине халқы құлшылықта өткізген екен. Абдулла ибн Омар Пайғамбар (с.ғ.с)-нан риуаят етті: «Бес уақытта қылынған дұға қабыл болады. Олар жұманың түні, мухаррам айының 10-шы түні, шағбан айының 15-ші түні және екі айт намаз түндері. Иса (с.ғ.с)-ға байланысты бір хикаяда ол жолаушылап келе жатып бір биік тауды көріп соған қарай беттейді. Таудың басына шыққанда сүттен ақ бір алаңды көріп таңданады. Алладан уахи келеді: «Ей Иса! Бұдан да ғажап нәрсе көрсетейін бе саған?» Иса (с.ғ.с): «Ия»,- деп жауап берді. Сол кезде алаң қақ жарылып ішінде қолында таяғы бар, жүннен тоқылған киім киген намаз оқып тұрған ақсақалды көріп одан бетер таңданады. Иса (с.ғ.с) ол ақсақалдан қанша жыл осылай құлшылықта отырғанын сұрайды. Ақсақал 400 жылдан бері отырғандығын айтады. Осы оқиғаға куә болған Иса (с.ғ.с): «Я Робби, осы ақсақалдан артық дәрежесі бар адам жараттың ба?»-деп сұрайды. Сонда: «Ақырғы Пайғамбар үмметі шағбан айының ортасыда бараат намазын оқыған болса, сол адамның дәрежесі абзал болады деп Алла тағала жауап береді. Осы жауапты естігенде Иса (с.ғ.с) менде сол үмметтен болсам деп дұға қылады. Осындай ұлы күннің қасиетін білген бабаларымыз жылап, түні бойы құлшылықта өткізгенін біліп отырмыз, ол кісілердін қандай таза адамдар болғанын біле тұра біз олардан да артық тырысуымыз керек.


Асылтайұлы Дархан, Қосмағамбетов Бекболат


Қарағанды облыстық орталық мешітінің найб имамдары 





Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары