Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Үміт үзгендерге
16 маусым, 2015 жыл 48 Басып шығару нұсқасы

tilt55 Өмір болған соң, пенде болған соң кей кездері ашынып жатамыз. Сол кездері небір ойлар келіп, небір сөздерді айтамыз. «Менің не жазығым бар?», «Тым көп сынақ алдым», «Басқа менен күнәсі көп, неше түрі іс жасап жүргендерге неге жаза жоқ?» деп күйінеміз. Бір өкініштісі мұндай сәттерде өз жағдайымызды қиындата түсетініміз. Кейде тіпті ашынған адамдардың тілдері «Құдайға мен не жаздым?»-деп Хақ Тағалаға де тиіп кетіп жатады. Бұл әрине иманның әлсіздігі, білімсіздік. Діни білім алмағанның салдары. Бізді әрдайым болашағымыз алаңдатады. Өмір, отбасын ойлаймыз, қызмет, ақша, тағысын тағылар. Осыларды ойлап уайымдаған кезде, басымызға ауыртпалық түскен кезде «Неге мен» ғана жазалана беруім керек деген сұрақ қоямыз.


Ішкі түйсігіміз Алланың мейірімі шексіз екенін және үміт үзбеу керектігін сездіреді. Бірақ шайтанның тұзағына түсе береміз. Басқа түскен жағдайды, орын алған оқиғаны өзгерте алатынымзға күмәнданамыз. Бұл әрине Алланың мейірімділігінен үміт үзу деген сөз. Алладан басқа Тәңір жоқ. Он сегіз мың ғаламды алты күнде жаратқан Алланың соңғы сәтте болсын, не нәрсеге болсын шексіз құдыретті екенін естен шығарып аламыз.


Егер біз  жақсылық, құлшылықтарымыз арқылы Аллаға жақындай түссек өмір сүру де  бізге жеңілдей түсер еді. Басқа түскен қиындық пен сынақты сабырлықпен қабылдауға үйрене алмай келе жатырмыз. Себебі өзіміздің сыналу үшін жаралғанымызды ұмытып кетеміз. Сол қиындықтар адамның иманын сынайды.


Алла бәрін көруші, естуші, білуші. Және бізге тек нығметтерді көп берген. Сол сынақ, ауыртпалықтардың өзінде сабыр ету, тәубеге келу арқылы қиындықтан шығудың жолын көрсеткен. Сол арқылы бақытқа бастар бастауды нұсқауды. Қандай іс түссе де жалғыз еместігімізді еске алған жөн. Жан-дүниемізде не болып жатқаны тек бір Аллаға аян. Ал сол іштегінің бәрін өзге бір адамға толық айтып, түсіндіре аласыз ба? Жоқ әрине. Алла әрдайым жаныңызда. Әр құлымен бірге. Оған көп дәлелдің қажет жоқ. Алланың уәдесі жеткілікті: Қорықпаңдар, Мен сендермен біргемін. Мен естимін және көремін»-деді емес пе?



Қарағанды облыстық орталық мешіті


Әмина Омарова

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары