Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Басқаның кемшілігін жасыру және кешіру
16 маусым, 2015 жыл 74 Басып шығару нұсқасы

 77TWlH36yaUӘр адам үшін өзгелермен арадағы қарым-қатынас аса маңызды. Себебі «адамның күні адаммен». Адамдар бір-бірімен қауымдаса өмір сүреді. Сол тірлік барысында туысқандық, құдалық, аға-бауырлық, достық қатынастар орнайды. Бұнда әрине арада айтылар сөзде, басқалардың ісі де маңызды.


Алла Тағала: «Сығаламаңдар және бір-біріңді жамандамаңдар»-деген. Пайғамбарымыз: «Әлдекім бір мұсылманның кемшілігі мен күнәсін жария етсе, Алла соның кемшілігі мен күнәларын жария етеді»-дейді. «Кімде-кім өз жолдасының кемшілігін жасырса, Алла қиямет күні оның кемшілігін жасырады. Өз бауырын масқаралағанды Алла масқаралайды»-деген.


Біреуді жамандау, кемшілігін жұртқа жария ету ешқашан жақсылық әкелмейді. Ең алдымен сол айтқан адамның өзіне абырой әпермесі анық. Ол адам бара-бара ұятын жоғалтады. Ұятсыздық қандай болсын істен тайындырмайды.


Әр адамның жеке басына қатысты құпияларын, кемшіліктерін, айыпты істерін өзгеге айтқаннан пайда бар ма? Оны айтып, айыптап ешқандай пайда таппайтынын білсе де, біреу көре алмаушылықпен, біреу қызғанышпен айтады. Әрине бұл шайтанға еру деген сөз. Ол адамның ұяты мен иманы бар екеніне сену қиын.


Әрине егер әлде бір адамның ісі өзгелерге, қоғамға зиян тигізер болса ол бөлек әңгіме. Бұл жердегі әңгіме ешкімге қатысы да жоқ, зиянды да жоқ өзгелердің жеке істері жөнінде. Басқа біреудің кемшілігін, айыбын жұртқа себепсіз жариялау күнә. Одан да сол адамның өзіне оңаша, бауырлық жанашырлықпен айтқанның сауабы мол.


Және пенде – періште емес. Әркімнің кемшілігі бар. Барлық адам күнә жасайды, қателікке ұрынады. Біреуді ааңдып, жолдан сүрінгене қуанып, соны жарилағанша, әр адамның өз-өзімен жұмыс істегені пайдалы болмай ма? Осылай істеген адам бірінші өзін күнәдан сақтайды әрі өзін шыңдайды.


Алла елшісі: «Өзгенің кемшіліктерімен емес, өзінің кемшіліктерімен айналысқан адамға жақсы хабар бар»-деді емес пе?


Әлдекім айыпты бола қалса өзіне жазығы болмаса да оны жазғырып, ел алдында  масқаралағаннан гөрі, кешірімділікпен, түсіністікпен қарасақ неден ұтыламыз? Омар: «Кім мейірімділік танытпаса, ол оған лайық болмайды. Басқаларды кешірмегенге кешірім жоқ. Кешірім сұрамағанға кешірім жоқ. Күнәлардан сақтануға тырыспаған адамға абырой жоқ»-деген.


Алла мен Пайғамбарды сүйген шынай мұсылман бауырларын да жақсы көрмей ме? Бауырларына жақсылық тілемей ме? Кемшілігін кешіріп, айыбын жасырып, жақсылығын асырмай ма? Олай етпесе ол қандай мұсылман? Ол қандай адам?



Қарағанды облыстық орталық мешіті


Әмина Омарова


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары