Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Данышпанның 12 кеңесі
25 маусым, 2015 жыл 26 Басып шығару нұсқасы

79966036_96b854f4042a94473707022d42df4205Әлдебір адам бір Данышпаннан: «Адамдардағы таң қаларлық дүние не?» - деп сұрапты


Данышпан мынадай жауап қатқан екен:




  1. Адамдарды балалық шақ ығыр етеді, олар есеюге асығады, кейін қайтадан балалық шағын сағынады.

  2. Олар дүние байлығын жинау үшін денсаулығын құртады, содан кейін байлығын денсаулығын қайтару үшін шашады.

  3. Олар болашағын ұйымдап, соған қам жасап жүріп, бүгінгі күнін ұмытып кетеді. Нәтижесінде не бүгінгі күнмен, не болашақпен өмір сүрмейді.

  4. Олар мәңгі өлмейтіндей өмір сүреді, ал дүниеден қайтарда ешқашан өмір сүрмегендей қоштасады.


Содан кейін әлгі адам Данышпаннан: «Адамдарға қажетті өмір сабақтары қандай?»-деп сұрайды


Данышпан мынадай жауап берген екен:




  1. Олар біліп жүрсін, ешкімді өздерін жақсы көруге мәжбүрлей алмайды, қолдарынан бар келетіні өзін басқалар үшін сүйікті ету.

  2. Олар өздерін басқалармен салыстырмауды үйренсін.

  3. Төзімділік танытып, кешіруді үйренсін.

  4. Бар болғаны бірнеше минуттың ішінде жақын адамдарының жанына ауыр жара салатындарын білсін, ал содан кейін оны жазуға көптеген жылдар қажет.

  5. Ең бай адам дүние-мүлкі көп адам емес, азға қанағат еткен адам екенін білсін.

  6. Олар өздерін қатты жақсы көретін адамдар бар екенін білсін, бірақ олар өз сезімдерін қалай жеткізуді білмейді.

  7. Екі адам бір затты көре алатынын білсін, бірақ олар оны әр түрлі пішінде көреді.

  8. Олардың бірі басқаны кешіре алатынын білсін, ол уақытта оның өзі басқаның кешіріміне мұқтаж.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары