Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Сәбидің сөйлеуі
30 маусым, 2015 жыл 327 Басып шығару нұсқасы

140448226353b6b2d7646ad8.24444473Хазіреті пайғамбарымызға қарсы жаман сөздер айтатын бір әйел бар болатын, пайғамбарымызды ұнатпайтын. Бір күні бұл әйел бір ұл босанады. Баласы 2-3 айлық болған кезде баласын алып көшеде кетіп бара жатқанда пайғамбарымызға кездеседі. Әйел тағы да әдепсіздік жасауға дайындалады. Бірақ, одан бұрын құндақтағы сәби сөйлей бастайды. Ол пайғамбарымызға қарап,
– Ей, Аллаһтың расулы. Ей, Абдуллаһұлы Мұхаммед алейһиссалам, саған сәлем бердім,-дейді.
Әйел таңданып, сірейіп қалады. Пайғамбарымыз күлімсіреп, балаға:
– Ей, бала. Менің Аллаһтың расулы екенімді қайдан білдің? Менің атым мен әкемнің атын саған кім үйретті?- деп сұрайды.
Сәби күліп:
– Маған бұларды әлемді жаратқан Аллаһу та’ала үйретті. Ол қаласа, барлық нәрсені жаратады.
Сосын біраз тоқтап тұрып былай дейді:
– Йа, Аллаһтың расулы. Мен үшін дұға ет, жұмақта сізге қызмет етейін.
Пайғамбарымыз сәби үшін дұға етеді. Қуанған сәби былай дейді:
– Саған сенген және иман келтірген адам қандай бақытты. Саған қарсы келіп, күпірлік еткен адам қандай бақытсыз. Аллаһ оларды дүние мен ақыретте масқара етеді.
Сосын сәби шаһадат кәлимасын айтып, сол сәтте жан тапсырады. Мұны көрген әйел дереу сол жерде мұсылман болды. Пайғамбарымызға жылап, жалбарынады:
– Мені кешір, йа Расулаллаһ. Босқа өткен күнәһар өміріме қатты өкінемін.
Пайғамбарымыз әйелге қарап:
– Сүйінші, қазір бірнеше періштенің саған кебінді жұмақтан әкелгенін көрдім,-деді.
Әйел бұл сөздерді естігеннен кейін баласы сияқты шаһадат кәлимасын айтып жан тапсырды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары