Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Сенің дінің хақ дін
02 шілде, 2015 жыл 50 Басып шығару нұсқасы

TwomoonsҚонақ күтуді өте жақсы көретін Ибраһим пайғамбарға бір апта бойы ешкім келмейді. Жан-жақтан қонақ іздейді. Ақырында, қырдан ақ сақалды қарт адамды көреді. Қарияның жағдайын сұрайды.


– Ей, жолаушы! Жүр, бүгін тамақты бізден ішейік,- дейді.
Ибраһим пайғамбар мен оның адамдары ол қарияны жылы шыраймен қарсы алады. Тамақ ішерде барлығы «бисмилләһ» дейді, бірақ ол қарт айтпайды. Сонда Ибраһим пайғамбар
– Ей, көп жасаған қария. Қарттар дініне берік болады. Тамақ ішуді бастаған кезде Хақ та’аланың есімін айту керек емес пе?- дейді.
– Отқа табынатын пірімнің мұндай сөз айтқанын естіген емеспін,-дейді қария.
Ибраһим пайғамбар не істерін білмей, ойлана бастайды. Аллаһқа сенбейтін адамға тамақ беру дұрыс па?..
Ақырында мұндай адаммен бір дастарханда отыру дұрыс емес деп табады. Бұл кезде қария да тұрып кетеді. Осы кезде Хақ та’ала Жәбірейіл алейһисселамды Ибраһим пайғамбарға жібереді.
– «Ей Ибраһим. Мен ол қартты кәпір болуына қарамай 100 жылдан бері өмір сүргізіп, ризығын-тұзын беріп келемін. Сен одан бір табақ тамағыңды аядың».
Ибраһим пайғамбар дереу қарияның артынан жүгіріп барып:
– Қайтадан дастарханға келіңіз. Жасаған қылығымды кешіріңіз,-дейді.
– Неге кешірім сұрайсың?-дейді қария.
– Бұл әрекетіме байланысты Хақ та’ала маған уаһи жіберіп, айыптады.
Қарияға бұл қатты әсер етеді. Ол:
– Қандай ұлы тәңір! Мен сияқты өзіне 100 жыл бойы қарсы келген бір адам үшін пайғамбарына ескерту жасайды. Бұл қандай жақсы дін. Ей Ибраһим! Мен де сенің дініңе кіргім келеді, - деп, мұсылмандықты қабылдайды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары