Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Күле кіріп, күңірене шыққаннан сақтан!
13 шілде, 2015 жыл 15 Басып шығару нұсқасы

al-quran Абу Хурейра айтты деп жеткізеді: «Бірде Алланың елшісі Мұхаммед (с.ғ.с.) рамазан айында жиналған зекетті күзетуімді тапсырды. Біраз уақыттан соң қос алақанын жайып, өзіне тамақ сұрап бір кісі келді. Мен оны ұстап алдым да «Алла атымен ант етемін, сені Алланың елшісі Мұхаммед (с.ғ.с.) алып барамын» дедім. Ол жалбарына: «Менің балаларым бар, шын мәнінде маған бұл ас өте қажет, мен бұған мұқтажбын» деп сұрады. Мен жаным ашып оны босаттым. Таңертең Пайғамбар (с.ғ.с.) менен: «О, Абу Хурейра, кеше сенің тұтқыныңдағы кісі не істеді?» деп сұрады. Мен: «О, Алланың елшісі (с.ғ.с.), ол бір уыс тамаққа мұқтаж екендігін және оның көп балалары бар екендігін айтты. Мен жаным ашып оны тұтқыннан босаттым» деп жауап бердім. Ол: «Шындығында ол саған өтірік айтты және ол қайта келеді» деді. Алланың елшісі (с.ғ.с.) «...ол қайта келеді» деген соң мен ол кісінің қайта келетінін нақты білдім де оны күте бастадым. Ол расында келді. Бұл жолы да қолын жая зекеттен жиналған астан сұрай бастады. Мен оны ұстап алдым да «Алла атымен ант етемін, сені Алланың елшісі Мұхаммед (с.ғ.с.) алып барамын» дедім. Ол жалбарына: «Мені босатшы, мен бұл асқа өте мұқтажбын және менің көп балаларым бар. Мен енді қайта келмеймін!» деді. Мен оны аяп, бұл жолы да тұтқыннан босаттым. Таңертең Алла елшісі (с.ғ.с.) «О, Абу Хурейра, кеше сенің тұтқыныңдағы кісі не істеді?» деп сұрады. «О, Алланың елшісі (с.ғ.с.), ол бір уыс тамаққа өте мұқтаж екендігін және оның көп балалары бар екендігін айтты. Мен бұл жолы да оған жаным ашып, тұтқыннан босаттым» деп жауап бердім. Ол: «Шындығында ол саған өтірік айтты және ол қайта келеді» деді. Мен тағы да оны күте бастадым. Ол тағы келіп, бұл жолы да қос алақанын жайып тамақ сұрады. Мен оны ұстап алып «Бұл жолы сені Алланың елшісі Мұхаммед (с.ғ.с.) анық алып барамын. Өйткені, сен қайта келмеймін деп, үшінші рет уәдеңді бұзып қайта келдің» дедім. Ол жалбарына: «Мені өз тұтқыныңнан босат. Мен саған Алланың қалауымен өзіңе пайда әкелетін сөзді үйретемін!» деді. Мен одан: «Ол қандай сөз?» деп сұрадым. Ол: «Ұйықтарға жатар алдында «Алла (Т.), Одан басқа еш тәңір жоқ. Ол тірі, толық меңгеріп тұрушы...» (2:255) деп басталатын Тақ (Аль-Курси) аятын соңына дейін оқы. Сонда сенің жаныңда Алланың періштесі болады және сен ұйқыңнан оянғанша саған жын-шайтан жақындай алмайды!» деді. Бұл сөздерді естіп, мен оны босатып жібердім. Таңертең Пайғамбар (с.ғ.с.) менен: «О, Абу Хурейра, кеше сенің тұтқыныңдағы кісі не істеді?» деп сұрады. Мен: «О, Алланың елшісі (с.ғ.с.), ол Алланың қалауымен маған пайда әкелетін сөзді үйретемін деп айтты, сосын мен оны босатып жібердім» дедім. Ол менен: «Ол қандай сөз?» деп сұрады. Мен: «Ұйықтарға жатар алдында «Алла (Т.), Одан басқа еш тәңір жоқ. Ол тірі, толық меңгеріп тұрушы...» (2:255) деп басталатын Тақ (Аль-Курси) аятын соңына дейін оқы» деді, және ол маған: «Сонда сенің жаныңда Алланың періштесі болады және сен ұйқыңнан оянғанша саған шайтан жақындай алмайды!» деп айтты дедім. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Олар (сыбайлартар) игілік үшін тырысып бақты» деді. Ол сөзін жалғастырып: «Ол шектен шыққан өтірікші болса да саған рас айтты! Абу Хурейра, осы үш күн бойына кіммен сөйлескеніңді білесің бе?» деп сұрады. Мен: «Жоқ» деп жауап қаттым. Алланың елшісі Мұхаммед (с.ғ.с.): «Бұл шайтанның нақ өзі еді» деді.


Хадисті аль-Бухари жеткізген.



Хадисті аударған Каусар Сабыр


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары