Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Дұға тағдырды өзгерте ме?
20 шілде, 2015 жыл 176 Басып шығару нұсқасы

 molbaАлдағы өмірі, тағдыры туралы әркім ойлайды. Оған қоса, тағдыр ислам ілімінің маңызды бөлігі болып табылады.


Осы орайда дұға тағдырды өзгерте ме деген сұрақ туындайды.


Мұхаммед Пайғамбар: «Жоғарыдан белгіленгенді құлшылық-дұғадан басқа ештеңе тоқтата алмайды»-деген.


Сондай-ақ Алла елшісі: «Сақтық тағдырдан құтқармайды, бірақ дұға түсірілгеннен және болмағаннан құтқарады. Бақытсыздық келгенде оны дұға қарсы алып, олар Қиямет күніне дейін күреседі»-деген.


Бұл хадистер тақуаның шынайы құлшылығы тағдырын өзгерте алатынына анық дәлел.


Бірақ, ол да Алланың қалауымен болады. Тіпті жапырақтың өзі Алланың қалауымен түсетінін біз білеміз. Міне, сондықтан да дұға ешқашан артықтық етпейді және зияны болмайды. Тек жақсылықтарға жетелемек. Адам бұл дүниеде жақсылыққа кенелмесе де, жасаған дұғасының о дүниеде сауабы болары хақ.



Қарағанды облыстық орталық мешіті


Әмина Омарова



Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары