Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Сіздің өміріңізде не маңызды?
22 шілде, 2015 жыл 19 Басып шығару нұсқасы

 dobro-rukaУақытыңызды жұмсауға не лайықта? Сіз үшін бірінші орында тұрған не? Екі дүниеде де сізге пайда әкелетін не нәрсе?


Адам күнделікті жұмыс, отбасы,  достарымен кездесу, қыдыру, жүріп-тұрумен ғана шектелмеуі керек.


Құранда: «…Сендер Кейінгі өмірден гөрі дүние тірлігіне разы боласыңдар ма? Кейінгі өмірмен салыстырғанда өткінші дүниелік қызықтың құны жоқ» - делінген («ат-Тәуба» сүресі, 38 аят).


Жақсылық жасауға асығыңыз


Алла елшісі бізді жақсы істер жасауға шақырған. Укб ибн әл Харис мынадай хабарды жеткізеді: бірде Алла елшісі түстен кейінгі дұғадан соң жылдам үйге қайтып келеді, мұны көргендер  не істеп жүргенін сұрайды. Сонда Алланың елшісі: «Менің үйімде алтынның кесегі болып еді, соның таңға дейін қалғанын қаламай, кедейге апарып бердім»-деген екен.


 Әбу Хурайра Алла елшісінің келесі сөздерін жеткізеді: «келесі оқиғалар орын алмай тұрып, жақсылық жасауға асығыңдар: күн батыстан туғанша, ақ түтін тарағанша, жерден жауыз шыққанша, ажал жеткенше, бүлік пен тәртіпсіздік орын алғанша».


Жақсылық жасауды кейінге қалдыра беретін адам не уақытты, не мүмкіндікті, не Алла берген қаражатты бағаламайды. Шынында Алла уақытты да, мүмкіндікті де, қаражатты да Өзінің разылығын алу үшін береді.


Біз әр сәтті, әр уақытты жақсылық жасауға жұмсасақ, соған тырыссақ Тозақ отынан алыстағанымыз болар еді.


Оған Алла елшісінің өмір жолы үлгі. Пайғамбарымыз өмірінде минуттардың өзін бекер өткізбеген.   Жақсылық жасаудың маңыздылығын осыдан-ақ көруге болар.


Жас кезде, қажыр мен қайрат, мүмкіндік пен қаражат бар кезде жақсылыққа ұмтылып, өміріңізді жақсы жаққа қарай бұрмасаңыз, қартайғанда жасаған жақсылықтан ақыретіңіз үшін не пайда, не қайыр болмақ?



Қарағанды облыстық орталық мешіті


Әмина Омарова


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары