Ібіліс көп жылдар бұрын өзінің қолынан шыққан барлық құралдарын сатуға бел байлаған екен. Ол барлық құралын қаз-қатар тізіп көпшілікке көрсетіп қояды. Мұнда не болмаған. Жарқыраған Көре алмаушылық қанжары, оның қасында Ашу балғасы орналасқан. Екінші сөреде Сараңдық пен Құмарлық садағы, оның қасында Қызғаншақтық жебесі тұрды. Қорқыныш, Тәкәппарлық пен Жек көру қарулары да бар еді. Олардың бәрі әдемі жиналып, менмұндалап тұрды.
Ал ең әдемі сөреде басқа құралдардың бәрінен бөлек, кішкентай, «Үмітсіздік» қазығы тұрды. Таңқаларлығы сол, басқаларына қарағанда оның бағасы әлдеқайда қымбат еді.
Жол-жөнекей өтіп бара жатқан біреу Ібілістен; «Неге сен мына, бір түрлі қазықты жоғары бағалайсың?»-деп сұрайды.
Сонда Ібіліс:
— Мен шынында бұл қазықты басқаларынан ерекше бағалаймын. Себебі менің қолымда бардың ішіндегі ең сенімді құралым осы. Егер мен осы қазықты адам санасына сіңірсем, бұл құралым басқа құралдарыма өзі-ақ есік ашады – деген екен.
«Айт: «Өз-өздеріне қарсы келген Менің құлдарым, Алланың мейірімінен үміт үзбеңдер! Шынында Алла күнәларды толығымен кешіреді. Ол – Кешіруші, Мейірімді»
Қарағанды облыстық орталық мешіті
Әмина Омарова
Пікірлер