Хадис мәтіні
Әбу Хұрайра Алла елшісінің келесі өздерін жеткізген:
«(Бірде) бір адам жер сатып алады. Кейін ол жерден алтынға толы құмыра тауып алады. Жерді сатқан адамға келіп: «Менен өз алтыныңды ал, мен сенен тек жерді ғана сатып алдым ғой”-дейді. Бұл жердің бұрынғы иесі: “Мен саған жерді бар байлығымен саттым”-дейді. Келісе алмаған екеуі осыдан кейін қазыға келеді. Қазы: “Балаларың барма?”-деп сұрайды. Біреуі: “Ұлым бар”-деп, екіншісі: “Қызым бар”-деп жауап қатады. Қазы сонда: “Екеуін үйлендіріп, алтынды соларға жұмсаңдар және садақа беріңдер”-деген екен.
Хадис түйіні
- Ұстамдылық таныту, азға қанағат ету және күмәнді мәселелерде дінге сүйену.
- Дау, қайшылық туындаған кезде кішіпейілділік таныту және келісімге келу. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадистерінде бұл қасиеттердің артықшылығы анық көрсетілген.
Қарағанды облыстық орталық мешіті
Әмина Омарова
Пікірлер