Көпшілік осы сөзді даналық сөз деп санайды, ал шынында «Ешқашан өлмейтіндей еңбек ет және ертең сені ажал күтіп тұрғандай ақыретті есіңнен шығарма» (“Джамиу’с-Сагыр”, 11, 12, № 1201) деген сөз бірнеше беделді жинақтарда келтірілген хадис болып табылады.
Бірінші кезекте аталмыш хадис кез-келген іске, дүниелік іс болсын, ақыреттің ісі болсын салмақпен қарау қажеттілігін білдіреді.
Көпшілік тірліктің қамы үшін ақыреттің қамын ұмытып, кейінге қалдырып жатса, кей адамдар ақырет үшін дінге толық беріліп тірліктің қамын, бала-шаға, туыс-туған алдындағы өз міндеттерін ұмытып жатады. Бұның екеуі де дұрыс емес. Ислам діні тірлік пен ақыреттің бірін таңдап, бірін ұмытуға жол бермейді.
Осы екеудің бірін таңдаған адамдардың барлығы Алла елшісінің: «Сендердің араларыңдағы ең жақсыларың ақырет үшін дүниені, дүние үшін ақыретті ұмытпайтындарың»-деген сөзінің мәнін түсінбей жүргендер.
Қарағанды облыстық орталық мешіті
Әмина Омарова
Пікірлер