Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Қажылық сапарына ең қажетті заттар
26 тамыз, 2015 жыл 16 Басып шығару нұсқасы

«Адамдар Алланың алдында Үйге (Қағбаға) қажылыққа баруға міндетті, егер бұл жолға қабілетті болса. Егер біреу сенім келтірмесе Алла дүниеге мұқтаж емес» (3: 97).


Қажылық сапарына барып келуді жоспарлағанда көп нәрсеге көңіл бөлу керек. Жолға қажеттінің бәрін ұмытпай салып алу керек. Бірақ басы артық жүк болмас үшін неғұрлым аз зат алған жөн. Және қажылық сапарында қандай заттардың ең маңызды екенін білу қажет. Ең бастысы сіздің негізгі мақсатыңыздан көңіліңізді бөлетін, дүниелік заттардан ада болу керек. Себебі қажылық сапары адам өмірінің ең негізгі саяхаты.


Шағын сөмке


Аса үлкен емес, өте жақсы тігілген, беліңізге байлап алуға келетін сөмке болғаны абзал. Ұрлатып немесе жоғалтып алмас үшін оны ихрамның астынан байлаған дұрыс. Бұл сөмкеде құжаттарыңыз бен қоса, келесі заттарды сақтасаңыз болады:


1. Ұшақ билеті; 2. Төлқұжат пен виза көшірмесі; 3. Шахада сертификаты (егер сіз мұсылман емес елде ислам қабылдаған болсаңыз) 4. Қонақүй мекенжайы (ағылшын және араб тілінде) 5. Ақша 6. Дәрілер 7. Көзілдірік пен линзалар


Шабадан


Қажылықтың 5 күні мен Мина, Муздалифа мен Арафат, Мина мен Мекке арасындағы саяхат үшін сізге алып жүруге ыңғайлы орташа шабадан қажет болады. Ең дұрысы - рюкзак.


Сонымен қатар, қажылықтың 5 күнінде не киетініңізге көңіл бөліңіз. Бұл ихрам. Өзіңізге ихрам болатын киімдер жинағын әзірлеген жөн. Шабаданға келесі заттарды салыңыз:


-Киімнің екінші жинағы (ішкиім, шалбар, абаи, хиджаб, шұлық және т.б.) - Қолға арналған орамал - Қосымша жеңіл жазғы аяқ киім - Иісі жоқ лосьон немесе вазелин - Иісі жоқ күннен қорғайтын крем - Күннен қорғайтын қолшатыр: ашық түсті


- Шам (фонарик) - Дәретхана қағазы - Тіс щеткасы, мисуак пен тіс пастасы - Тіске басар ас: кептірілген жемістер, жаңғақ, тоқаш. - Бөтелкеге құйылған су - Қажылық нұсқаулығы, Құранның шағын көшірмесі, дұғалар жазылған кітаптар және т.б. - Тур операторыңыздан түскі астың берілетін-берілмейтінін, жамылғының бар-жоқтығын біліңіз. -Қажетті дәрі-дәрмектер, ауырғанды басатын дәрілер, жедел жәрдем жинағы -Жеке гигиена заттары -Хирургиялық маска -Жайнамаз -Жиналмалы орындық -Әйелдерге: жайма, шашқа арналған резеңке, кеды, пижама, қағаз орамалдар, шамалы кір жуғыш ұнтақ, ерінге арналған бальзам.


Қажылыққа өзіңізбен бірге апаратын ең үлкен дүниеңіз – ол сіздің ниетіңіз. Сіз қажылыққа не үшін барасыз? Бұл сұрақтың жауабы: «Алла разылығы үшін» болуы керек.


Әмина Омарова


Қарағанды облыстық орталық мешіті

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары