Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Қажылық сыйы – Жұмақ.
01 қыркүйек, 2015 жыл 20 Басып шығару нұсқасы

Исламдағы бес парыздың соңғысы – қажылық сапары. Қажылық мүмкіндігі бар жанның бәріне парыз болған сапар. Мүмкіндігі бола тұра, қажылық парызын орындамаған адам Алланың бұйрығына құлақ аспаған болады.


Алты шарт болған жағдайда қажылық міндетті болып табылады:


1. Кәмелеттік жасқа толу.


2. Ислам дінінде болу.


3. Ақыл-есінің дұрыс болуы.


4. Бас еркіндігінің болуы.


5. Жолдың қауіпсіздігі.


6. Материалдық және физикалық мүмкіндік.


Қажылық құрамдас алты бөліктен тұрады:


1. Ихрам киюдегі ниет (арнайы киім).


2. ‘Арафа жеріне келу.


3. Тәуәп – Қағбаны айналу.


4. Сафа және Марва төбелерінің арасынан жүру.


5. Шаш алу (кемі үш тал шаш).


6. Жүйелілікті сақтау.


Алла елшісі хадистерінің бірінде Алла разылығы үшін қажылыққа барған адамның анадан жаңа туған кезіндегідей күнәларынан тазарап қайтатынын айтқан.


Алла елшісінің хадисінде: «Кімде-кім өз үйін қажылық немесе умра үшін тастап шықса және жолда қайтыс болса оған Қиямет күні болғанға дейін қажылық жасағандай сауап жазылады. Мекке немесе Мединеде қайтыс болған адам сұраққа алынбайды және Жұмаққа кіреді»-делінген.


Исламда Құдайға құлшылықтық жасырын және айқын түрі бар. Жасырын түріне жүректің құлшылығы, ниет, тәубе, шүкір, қорқыныш пен


үміт және т.б. жатады. Ал айқын құлшылық екі түрге бөлінеді: тәнмен жасалатын және мүлікпен жасалатын құлшылық. Қажылық – тәнмен де, мүлікпен де жасалатын құлшылық түріне жатады.


Қажылықтың ерекшеліктері:


1. Мұсылмандардың бірігуі. Ислам мұсылмандар арасындағы қарым-қатынасқа ерекше мән береді. Алла Тағала Исламның парыздарын мұсылмандардың бірігуіне себеп еткен. Мысал үшін, мешітте қаншама адам бас қосып, жиналады. Бір елдімекеннің адамдары жұма намазында кездесе алады. Ал жер шарының мұсылмандары қажылықта жинала алады. Сондықтан да қажылық әлем мұсылмандарының тұрақты конференциясы сияқты.


2. Бауырластықтың артуы. Ұлтына, ділі мен тіліне, салт-дәстүріне қарамастан барлық мұсылмандар бір ниетпен Қағбаға жиналады.


3. Барлық мұсылмандарды Исламның орталығы қасиетті Меккеге жинайды.


4. Мұсылмандар арасындағы теңдікті көрсету. Қажылық кезінде барша мұсылман тең болады. Онда мырза, қызметші, министр, жұмыскер деген жоқ. Бәрі бір деңгейде. Байлық пен атақ-даңқтың мұнда маңызы жоқ.


5. Қажылық – бұл мұсылмандардыңпайғамбарларды еске алуы. Бұл олардың жүрегіндегі иманды күшейтеді.


Қажылықтың қандайда бір рәсімі жасалатын кез-келген жер қандайда бір тарихи оқиғамен байланысты. Мысал үшін, Адам ата бірінші рет жалаң аяқ, жалаң бас, жалғыз ғана жамылғымен Қағбаны жеті рет айналған. Қағбаның алдында қажылық жасаушы топан судан кейін Қағбаны қайта тұрғызған Ибраһим мен Исмаилды еске түсіреді. Сондай-ақ «Әл-Хаджар-әл-асвад» тасын сүйген Пайғамбарымызды еске алады. Сафа мен Марва төбелері баласы Исмаилға су іздеген Хаджарды еске түсірсе, тас лақтыратын Мина жері өзінен сайтанды қуу үшін тас лақтырған Ибраһим Пайғамбарды еске түсіреді. Арафа күні – Адам ата мен Хауа ананың осы тауда бірінші кездескенін еске түсіреді. Сондықтан да бұл тауды кейбір дереккөздерде күту мен кездесу тауы деп атайды.


Алла елшісі Арафада соңғы қажылығын жасап: «О адамдар, сендердің Тәңірлерің Бір, сендер бәрің – Адамның ұрпағысыңдар, Адам топырақтан жаратылған және арабтың араб еместен айырмашылығы Құдайдан қорқуында ғана. Менен кейін бір-біріңмен жауласып, дінсізге айналмаңдар»-деп өсиет айтқан.


6. Қажылық – төзімділікке тәрбиелейді. Қажылық уақытында мыңдаған мұсылман бір жерге жиналады және мұнда төзімділік, сабыр. қарапайымдылық, кішіпейілділік қажет.


Қарағанды облыстық орталық мешіті


Әмина Омарова

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары