Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Жұма күні ораза ұстауға бола ма?
04 қыркүйек, 2015 жыл 94 Басып шығару нұсқасы

Жұма күнін ғана оразамен өткізуге болмайды. Өйткені жұма – мұсылмандардың мерекесі. Бұл күннің оразасы жайлы Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір хадисінде: «Түндерден тек жұма түнін құлшылыққа арнап, күндердің ішінде тек жұма күнін ораза ұстауға арнамаңдар. Ал өзі әдеттенген оразасын ұстауы бұған жатпайды» деп, жұма күні ораза ұстауға тыйым салған.


Егер бейсенбі күні ораза ұстауды бастап, жұма күні жалғастырса – рұқсат. Сол секілді жұма күніне сенбі күнін де қосып ұстауы керек.


Ал жұма күні ғана ауыз бекітуге болмайтыны жөнінде Әбу Хұрайра (р.а.) риуаят еткен мына хадисте де ашық айтылған. «Жұма күніне бір күн бұрынды немесе бір күн кейінді қосып ұстамайынша, тек жұма күні ғана ораза ұстамаңдар».


Алтынбек Ұтысханұлы


Күнделікті діни сауалдарға жауаптар кітабынан алынды

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары