Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Күнәһардың Алла алдындағы төмендігі тура жолдағы құлының тәкаппарлығынан артық
04 қыркүйек, 2015 жыл 179 Басып шығару нұсқасы

Ибн Атаиллаһ әл-Искандари: «Алланың алдында төмендететін және Оны іздеуге мәжбүр ететін күнә атақ пен тәкаппарлыққа апаратын құлшылықтан жақсы» - деген («Таж аль-Арус», стр. 2).


«Әл-Хикам» кітабында ол: «Кейде сенің алдыңнан құлшылық есігі ашылады, бірақ қабылдау есігі ашылмайды. Кейде сен күнә жасайсың және бұл сенің Аллаға жақындауыңа себеп болады»-дейді.


Имам аш-Шаркави «Шархе на Хикам» кітабында: «Және бұл құлшылықтың шынайы қиындықтармен байланыстылығынан болады. Мысал үшін, осы жақсы істі жасағаны үшін өз-өзіне риза болу, оған арқа сүйеу, мұны жасамағанды кемсіту – мұның бәрі Алланың осы жақсы істі қабыл етуіне кедергі келтіреді. Ал күнә кейде Алладан пана іздеуге итермелейді, Жаратушыны мадақтап, Одан кешірім сұрауға, өкініп, тәубеге келуге себеп болады және сонда күнә кешіріліп, Алланың мейіріміне ие болады»-деген.


Әбу Хурайра Мұхаммед Пайғамбардың мына сөзін жеткізген: «Егер сендер күнә жасамасаңдар, Алла Тағала міндетті түрде күнә жасайтын, содан кейін кешірім сұрайтын адамдарды жаратар еді және Ол оларды кешірер еді!» («Сахих Мүслім», № 2749).


Әбу Хазим: «Егер адам жақсы іс жасағанда бұған қуанса, Алла оған бұдан артық зиян келтірмеді. Ал егер адам күнә жасап тұрып қапаланса Алла оған бұдан артық жақсылық жасамады. Себебі адам жақсылық жасағанда сол үшін қуанып, өзін басқалардан марапатқа лайық көріп, жоғары санайды. Ал жаман қылық жасағанда ол қайғырып, Алла оған осы үшін сауап жазуы мүмкін»-дейді.


Қорытынды


Ғұламалардың бұл пікірлерінен мұсылманға өзінің жақсы істеріне арқа сүйеуіне болмайтынын көреміз. Пайғамбарымыз: «Ешкім Жұмаққа өз істерінің арқасында кірмейді»-деген. Сонда Алла елшісінен: «Сен де кірмейсің бе?»-деп сұрайды айналасындағылар. Сол кезде Алла елшісі: «Егер мені Алла мейіріміне бөлемесе менде кірмеймін»-деп жауап берген екен.


Өзінің жақсы істерін місе тұту, соны арқалану – бақытсыздық белгісі. Адамның бар құлшылығының бекер кетуіне себеп болмақ. Бірақ бұнымыз, жақсылық емес, күнә жасап содан кейін өкіну керек деген сөз емес. Бұл жердегі мәселе жақсылық жасағанда, құлшылық қылғанда өзін ешкімнен артық санамау, тәкаппарлыққа берілмеу жөнінде болып отыр. Кейде адамдар әлдекімге жақсылық жасаса соны міндет қылып жатады. Міне осылай адам өз жақсылығын ғана емес, құлшылығын да міндет қылуы мүмкін. «Мен намаз оқимын, зекет бердім, ана танысыма, мына туысыма қанша рет жақсылық жасадым, демек мен сый алуым керек»-деген сияқты ойлар туындауы мүмкін. Бұл арадағы мәселе осында. Адам жақсылықты өзі үшін, құлшылықты да өзі үшін жасайды. Себебі сауабын өзі алмақ. Ал жақсылық я құлшылық жасап тұрып жоғарыдағыдай күнәһар ойда болу ол адам үшін жақсылықтың белгісі емес. Сондықтан жақсы іс жасағанда да, құлшылық қылғанда да осы мүмкіндікті беріп тұрған Алладан тәкаппарлықтан сақтауды, шынайылықты, иманын арттыруды сұраған абзал. Ал күнә жасап қойғанда Алланың мейіріміне, кешіріміне үміт ету керек.


Кейін өкініп, тәубеге келмесе күнә, тәкаппарлыққа жетелеген жақсылық – бақытсыздыққа душар етеді.


Қарағанды облыстық орталық мешіті


Әмина Омарова

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары