Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Игі істеріңнің сауабын шашып алма
15 қыркүйек, 2015 жыл 13 Басып шығару нұсқасы

Бірде айналасындағылар Мұса Пайғамбарға: «О, Мұса! Біз Құдайды қонаққа шақырғымыз келеді, Өзіне қолайлы уақытта бізге келсін. Біз барымызды жайып күтеміз»-дейді.Сонда қатты ашуланған Мұса Пайғамбар: «Жаратушы тамақ, ішер сусын мен тұратын орын қажеттілігінен өте жоғары тұрғанда мұндайды ойлауға қалай дәттерің барады?»-дейді. Осыдан кейін мұндай ойдың өзінен аулақ болуларын ескертеді. Бірақ содан кейін Мұсадан Алла Тағала: «О, Мұса! Менің құлдарымның шақыртуы туралы Маған неге айтпайсың?»-деп сұрайды. Мұса: «О, Жаратушым! Сен олар айтқанның бәрінен аса биік болғандықтан мұндай ұсыныспен жүгінуге ұялдым»-дейді. Сонда Алла Тағала: «Менің құлдарыма жеткіз, Мен оларға жұма күні кешкісін қонаққа барамын»-дейді. Мұса келіп өз халқына осы қуанышты хабарды жеткізгенде барлығы жұма кешіне дайындала бастайды. Жұма күні барын салып дастархан жаяды. Дайындық аяқталған кезде кешке таман олар ұзақ жолдан қалжыраған, шаршаған қарияны көреді. Ол Мұсаға қарап: «О, Мұса! Менің жолым алыс, ашпын, жүрек жалғауға аздап тамақ беріңдерші»-дейді. Бірақ Пайғамбар қарияға: «Асықпа! Мына ыдысты алып шамалы су алып кел. Ортақ іске сенің қосқан үлесің болсын. Қазір бізге Жаратқанның өзі келеді»-дейді. Қария үндеместен кете барады. Сол күйі сол кеште ешқандай қонақ келмейді. Барлығы таң атқанша күтіп үйді-үйіне тарайды. Келесі күні Мұса Синай тауына барып Аллаға: «О, Жаратушым! Мен ыңғайсыз жағдайда қалдым. Адамдар маған: «Сен бізді алдадың немесе Алла сөзінде тұрмады» деп жатыр»-дейді.Алла Тағала: «Мен келдім Мұса. Аш екенімді айттым, бірақ сен Мені бір тілім нан берместен суға жұмсадың, Мені не сен, не сенің халқың сыйламады»-дейді. Пайғамбар: «О, Жаратушым! Бізге тек бір қария келді және ол Жаратушы емес, тек Алланың құлы еді». Бұл қалай болғаны?»-дейді. Алла Тағала: «Мен сол құлмен бірге болдым. Оны тамақтандырсаңдар Мені тамақтандырған болар едіңдер. Мен не көкте, не жерде орын теппеймін, Мен тек өз құлымның жүрегінде бола аламын және мен онымен бірге келдім. Оны аштан-аш кері қайтару арқылы сендер Маған құлақ аспадыңдар» - дейді.


Алла разылығы үшін жақсылық жасаңыздар. Тек жақсылық жасау арқылы ғана сауапты шашпауға, Алланың разылығына жетуге болады.


Әмина Омарова


Қарағанды облыстық орталық мешіті

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары